"Шешеннің сөзі ортақ" тақырыбындағы тәрбие сағатының әдістемелік дайындамасы

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

                                             Теректі колледжі

 

 

 

 

                                                                                      Тәрбие сағаты

 

 

 

 

 

     «Шешеннің сөзі ортақ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          Дайындаған: №41 топ жетекшісі

                                                                          Абдрахманова Ұ.Ж.

 

 

 

 

 

                                             2014-2015 оқу жылы

 

Тақырыбы: «Шешеннің сөзі ортақ»

Мақсаты: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін өұрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, суреттер, слайд

Тәрбие сағатының барысы:

I.    «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы

1. ҚР қашан тәуелсіздік алды   (1991 ж16 желтоқсан)

2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады (түркі тілдес)

3. Абайдың әжесі (Зере)

4. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды (1989)

5. Балаларды оқуға шақырған Ыбырай атамыздың өлеңі қалай басталады

6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім (Т.Әубәкіров)

7. Тіл туралы заң қашан қабылданды (22 қыркүйек 1989 жыл)

8. Тұрақты сөз тіркесі Жарғақ құлағы жастыққа тимеу ( мазасыздану)

9. Төбе шашы тік тұрды (шошыды)

10. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім (Ы.Алтынсарин)

11. Қазақша «Кітап» орысша .... ағылшынша...

12. Қас пен көздің арасы (лезде)

13. Қара қылды қақ жару  (әділ)

 

II.«Атаның сөзі – ақылдың көзі» мақал-мәтелдер сайысы

1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің сөзі ортақ).

8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).

9. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).

11. Бал тамған тілден ... (у тамған).

12. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).

13. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).

14. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).

15. Тіл қылыштан ... (өткір).

16. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

17. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінде).

18. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).

19. Тілден артық ... (қазына жоқ).

20. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

 

III.           Жұмбақтар әлемі

Тілден ұшып,

Құлаққа қонады.    (Сөз)

 

Ұзын,ұзын, ұзын жол,

Ұшына жеткен бар ма екен?

 Түбі терең қара су,

 Түбіне жетіп сол судың,

 Қанып ішкен бар ма екен?    (Оқу)

 

Жер көрдім қаласы бар,

 Үйлері жоқ мекендейтін.

 Көл көрдім, өзен көрдім,

 Сулары жоқ тереңдейтін.    (Карта)

 

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған    (Бор)

 

Мына есепті калькуляторсыз, ештеңге жазбай, ойша шешуге тырысыңыз.

 1000 оған 40-ты қосыңыз.Таңы бір мың қосыңыз.Оған 30-ды қосу керек.Тағы 1000.Қосу 20.Қосу 1000.Және тағы 10-ды қосыңыз.Неше шықты?

(5000)

 

Сіз  доп лақтырдыңыз делік.Қай жағдайда доп ештеңге соғылмай, тимей өзіңізге қайтып келеді? (жоғары лақтырғанда)

Жауабын тап

IV.           Қорытындылау.

 

Оқушыларды жауаптары бойынша қорытындылап, жеңімпазды анықтау.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.56 Mb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 158

Похожие материалы