Шығарма "Мәнгілік ел: бір ел, бір тағдыр"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Шығарма

Мәнгілік ел: бір ел, бір тағдыр.

Қалиасқар Ренат

«Корнеевка орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы

Жетекшісі:

Төлебаева Бейнегүл Қаратайқызы

2015 жыл. сәуір

Шығарма

« Мәңгілік ел: бір ел,бір тағдыр»

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Мен де идеяны жүзеге асыруда өз үлесімді қоспақшымын.
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған оқушыларға жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта Корнеевка селосындағы «Корнеевка орта мектебі» КММ оқушылар мен мұғалімдер де тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосуда. 2013 - 2014 оқу жылынан бастап, мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді.
e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

Мектептегі әр сынып кабинеттері талапқа сай жабдықталған. Бұл біздің жоғары деңгейде білім алуларымызға мүмкіндік тудырып отыр. Сабақ оқуға,үй тапсырмасын орындауға электронды кітапхана жұмыс істейді.
Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.
Мектебіміз қазақ тілін дамытуда ауқымды шаралар өткізе отырып, тіл мәртебесін одан әрі өркендетуге зор міндеттер қойып отыр. Мектебімізде әр түрлі халықтардың балалары оқып жатыр Менің сыныбымда орыс,неміс,украин,қазақ ұлттарының балалары оқиды.Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.Қазақтың «Наурызын», орыстың «Масленицасын» бір отбасындай қарсы аламыз.Орыс ,неміс болсада қазақша ән айтып, би билейді. Осылайша Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық.
Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Отағасының серігі ата-анасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген.Мен мектепті аяқтағасын Петропавл медицина колледжіне оқуға бармақшымын .Жаңа техналогияларды жетік қолданып,ауылдағы медицина сапасын арттыруға өз үлесімді қоспақшымын.Сәті түсіп кетсе ,болашақ жас аналарға арналған бөлме ашу арманым. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын сабаққа! Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Бүгінгі Қазақстан-жалғыз қазақ халқының ғана емес,күллі Қазақстан халықтарының ортақ Отаны,сондықтан олардың тарихы да,тағдыры да ортақ.

Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым-тек қазақтарға ғана емес,қазақ жерін мекендеген ,оған кіндік қаны тамған,бірге қайнап-бітіскен,туған тапырағым деп егілген басқа ұлттар мен ұлыстардың да ортақ игілігі.

Биылғы жылы аталып өтіп жатқан Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдық мерейтойымен барлық оқушыларды құттықтап, Отанымның өркендеп дамуына,гүлденуі үшін атсалысамын демекпін.


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.55 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 114

Похожие материалы