Шығармашылық есеп қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Абигузина Асем Балтабаевна
|
Павлодар облысы Ертіс ауданы
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Әбигузина Әсем Балтабайқызының
Шығармашылық есебі
2015 ж
Мен, Ленин жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Әбигузина Әсем Балтабайқызы. Білімім - жоғары. 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтадым. Педагогикалық өтілімім – 9 жыл.
2012 жылдан бастап «Әдебиет сабақтарында әдебиетті оқытудың тиімді оқу жолдарын қолдану» атты өздігінен білім көтеру тақырыбымен жұмыс істеп келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты:
Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау және тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық ізденісін қалыптастыру.
Міндеті: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденісін, ойлау және қабылдау қабілетін дамыту, өздігінен өлеңдер мен шығарма мәтіндерін талдай алуы.
Болжам: оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы қызығушылығын дарытады. Танымдық қызығушылықтары, ой-өрістері артады.
Өзектілігі: Қоғам талабына сай оқушылардың жеке дамуын бақылауды қамтамасыз ету. Қазіргі қоғамға сай жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:
- Ақпараттарды қабылдап, есте сақтайды;
- Зерттеу, іздену жұмыстарын жүргізеді;
- Өзін-өзі бағалайды, бір-бірін бағалап, ұсыныс таратуға машықтанады;
- Өзгенің пікірін тыңдап, көзқарасын қоса білуге үйренеді.
- Қарама-қайшылықтарды көреді, түсіндіреді, сипаттайды, машықтанады;
- Өз бетімен жұмыстанады;
- Соңғы 3 жыл ішіндегі қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша сапа көрсеткіші:
2011-2012 оқу жылы-62%
2012-2013 оқу жылы-68%
2013-2014 оқу жылы-75%.
Жыл сайын оқушыларды ҰБТ дайындық жұмыстарын жүргізіп келемін. ҰБТ нәтижесі:
2012 жылы: 17,6 балл
2013 жылы: 20 балл
2014 жылы: 20 балл
Оқушыларды сайыстар мен конкурстарға дайындау жұмыстарын жүргізіп келемін:
- 2011 жылы Никитенко Альбина « Тіл - адам жанын танудың кілті» атты аудандық конкурсына қатысып, 3 орынға ие болды;
- 2012 жылы Никитенко Альбина аудандық пән олимпиадасында
3 орынға ие болып, облыстық пәндер олимпиадасына қатысты;
- 2012 жылы оқушыларым «Болашақ жастардың қолында» атты жарысында «Ең үздік ойыншылар» номинациясына ие болды;
- 2013 жылы оқушыларым аудандық Қазақ КВН лигасының финал ойынына қатысып, «Бас жүлдеге» ие болған.
- 2014 жылы Никитенко Альбина аудандық пән олимпиадасында
1 орынға ие болып, облыстық пәндер олимпиадасына қатысушысы болды;
- 2014 жылы Асқар Нұрислам аудандық «Мүбәрәк» оқуларында 1 орынға ие болды;
- 2013 жылы аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталдым;
- 2014 жылы « Қазақ тілі және әдебиеті кабинеттерінің жабдықталуы бойынша аудандық конкурсында оқу-әдістемелік кешенінің мазмұндылығы мен кабинет безендірілуінің тартымдылығы үшін»
1 орынға ие болдым.
- 2014 жылы « Қазақ тілі және әдебиеті кабинеттерінің жабдықталуы бойынша облыстық конкурсында оқу-әдістемелік кешенінің мазмұндылығы мен кабинет безендірілуінің тартымдылығы үшін»
Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың орталығының алғыс хатыпен марапатталдым.
- 2014 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасының алғыс хатымен марапатталдым;
Ғаламтор желісінде proшколу.ru шағын сайтын аштым. «Е пошта. Үстеу. Сын-қимыл үстеу» , «Әдебиет сабақтарында әдебиетті оқытудың тиімді жолдарын қолдану» , «Сөздердің байланысу түрлері. Матасу» тақырыптары бойынша Ustazim.kz cайтына орналастырдым.
Назарларыңызға рахмет!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 133.45 Kb |
Количество скачиваний: | 54 |