Шығармашылық жоба. Ши тоқу өнері.

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Шығармашылық жоба. Ши тоқу өнері.                                                   Жобаның мақсаты: Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – ши тоқу өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.    Жобаның  міндеті: Қазақтың қолданбалы қолөнері жайлы білу; Ши тоқу өнері жайлы мағлұмат беру; Ши тоқу өнері технологиясын үйрену; Қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу.  Жобаның болжамы: осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды тоқтатпай әрі қарай жалғастыру.  Жобаның нысаны: Ши тоқу өнерін зерттеу, анықтау;     Жобаның кезеңдері: Біріншіден, мен өзім зерттейтін жұмысымның тақырыбымен танысу.  Екіншіден, мәліметтерді жинақтап, тоқуды үйрену.  Үшіншіден, жинаған жұмысымды талдау.                                                    Мазмұны:   І. Кіріспе   ІІ. Негізгі бөлім   ІІІ. Кеткен шығынды есептеу   IV. Қорытынды   V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.                                                                                   Кіріспе бөлім   Ши тоқу (орау)— бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне (мәселен, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін солардың астына төсеуге, сонымен бірге құрт жаю, тары сүзу т. б.) кеңінен пайдаланылады.                                                                             Негізгі бөлім Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым-ши (шымораулы ши). Халық қолөнерінің шеберлері сол жоғары айтылған өрнектелген шилерді қанат шилер деп атайды. Қазақ арасында осы ши түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады. Мәселен, ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан көбінесе киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, шыптаға мал сойғанда, еттің астына салуға, сырғауыл салынған үйдің төбесіне жабуға ұстайды. Ал өне бойы түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді. Оны киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнына да ұстайды. Өнбойы тұтас емес, әр жерінен аралатын оралған шиді ораулы ши дейді. Тоқылатын ши мал аяғы баспаған соны жерден, жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді таңертең, кешке немесе жаңбырдан кейінгі шың кеппей тарту керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді де, өрнектеп орайды. Ши ораудың екі әдісі бар. Бірі — тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау, екіншісі — жаңа өрнек үлгісімен орау. Оралып тоқылған даяр шидің өрнегіне салып орайтын шиді бір-бірлеп өрнек бойынша әр түсті оралған шидің буындарын дәл келтіріп, санап отырып орайды.   Шиден жасалатын заттар:  алаша ши, ас шиі, аяқ қап, есік, кілем ши, киіз басатын ши, күрке, күзу шиі, қазан жапқыш, масақана, терезе жапқыш, етқана, жолым, ши қора, ши қалпақ, шыны қап т.б.                                     Өзіндік кұнын есептеп шығару.     Материалдар,бағасы (теңгемен)              1. Ақ ши-90 тг,Ши шыбықтары     2.Жіптер-200 тг, Тоқыма жіптер,   а) көк жіп-50 тг, Боялған жүн,                   ә) ақ жіп-50 тг,Қайшы                     б) сары жіп-50 тг, ине                     в) жасыл жіп-50 тг, жіп        өрнек түрлері-320 тг. 3. Мата жиектеу үшін-20тг.            4. Шашаққа жіп, бау үшін-10тг.         Жарнамалау  а) өнімдік белгісі Ғажайып іс көріңіздер,  ә) жарнамалық сөздік Ши алуға келіңіздер.  б) фирманың аты Фирманың аты: «Асыл қазына»  в) мекен-жайы: №18 ЖББОМ КММ  г) бағасы.                                                   Қорытынды   Халқымыз ши тоқудың қарапайым тәсілдерін қоланып келеді. Шиден аяқ қап, қазақ жапқыш, қорамсақ, терезе жапқыш, қар ұстағыш, төсеніш, т,б күнделікті өмірге аса қажет көптеген заттарды жасауға болады. . Тоқыманың  шиден өзге жүннен тоқылатын кең қолданысқа ие бірнеше түрі бар. Олар: алаша, басқұр, желбау, таңғыш. Әсіресе жүннен тоқылатын бұйымдарға деген қызығушылық тым жоғары. Өйткені ол табиғи, таза өнім. Ол үшін алдымен қырқылып алынған жүнді тазалап, шираған жіпке айналдырамыз.                                               Пайдаланған әдебиеттер тізімі.   1.      Өмірбекова М.Ш. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Алматы. 2.      «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы «Рауан» 3.      Өмірбекова М.Ш. энциклопедия.  Қазақтың қолөнері. 4.      Көркем ши өнері және этномәдени білім//Қазақстан жоғарғы мектебі.-208-№4-Б          
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 45.73 Kb
Количество скачиваний: 232
Просмотров: 623

Похожие материалы