Здесь была ссылка на работу Символдық мәліметтермен жұмыс автора Рахила Мусилимова Мустафаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтермен жұмыс Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру; Дамытушылығы: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой- өрістерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: теориялық сабағы Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2. Өткен материалды қайталау 3. Жаңа сабақты түсіндіру 3. Деңгейлік тапсырма 4. Қорытынды. Үйге тапсырма Жаңа сабақты түсіндіру Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR түйінді сөз арқылы жүзеге асырылады.Әрбір символ 0 мен 127 кодтарына әмбебап таңбалар,яғни латын әріптері тыныс белгілері,басқару символдары кіреді.Ал,128-255 кодтарына орыс,қазақ алфавиттің әріптері орналасқан. Символдық мәліметтер төмендегідей стандартты функциялар орналасқан: Chr(x)-byte типіндегі х санын символға түрлендіреді ord(ch)-ch символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді pred(ch)- кодына сәйкес келесі символды береді upcase(ch) – кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады. Символдық мәліметтерді еңгізу Символдық мәліметтерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы алқылы жүргізіледі,оларды еңгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар: 1. Бос орын таңбасы - ‘_’ Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады. 2. Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі. 3. Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі – ENTER ( ) басылса да READ операторы бос орын символы ретінде қабылдайды. 4. Символдық айнымалыларды енгізу кезінде Shift,Ctrl,Caps Lock, Alt басқанда олар жек символ ретінде енгізіліп,мән орнына олардың сканерлеу кодтары қабылданады. 5. Символдық және сандық мәндерді енгізгенде көбінесе EOLN ( end of line) стандартты функциясын пайдалану қолайлы.Бұл функция мәні жолдың соңы немесе мәндер беріліп болды – дегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ( True ) қалған жағдайда жалған ( Folse ) болады. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар қолданылады.Олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы,одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілген string түйінді сөз қолданылады. VAR: string [ жолдың ең үлкен ұзындығы ] Тіркестік өрнектер.Тіркестік өрнек деп амал белгілері,тіркестік айнымалылар және функция атауларынан құралған,ұзындығы 256 символды тізбекті айтамыз. Біріктіру немесе конкатенанция амалы,ол қарапайым + белгісімен белгіленеді.Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.Программа мәтіндегі сөз тіркесінен тұратын тұрақтылар бір жолда жазылу тиіс.Егер оның бөлігін келесі жолға тасымалдап жазсақ қате болады. Салыстыру амалдары олар: =, < >,, = белгілерімен белгіленеді.Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса,онда қай жолдың символдары көп болатын болса,сол үлкен деп есептеледі.Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса,ең алдымен біріктіру амалы,содан соң салыстыру амалы орындалады. Мәтін ұзындығын анықтау операциясы.Бұл операция алгоритмдік тілде ұзын түйінді сөзі қолданылады.Мәтін ұзындығы оны құрайтын символдар санымен анықталады. Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар. Паскаль тілінің функциялары : CHR(I)-I санына сәйкес символы береді. ORD(S)-S символының бүтін сан түріндегі кодын береді COPY( ST,POZ,N ):String; ST сөз тіркесінің POZ нөмірлік символынан бастап қатар тұрған N- символ көшіріліп алынады. UPCASE( C:CHAR ): CHAR; латын алфавитінің кіші әріптерін бас әріптерге ауыстырады. DELETE( Var S:String; N, M:Integer); S-мәтіннің,N-таңбасынан бастап,М- таңбасын өшіреді. INSERT( S1,S2,Poz ); S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап N символды өшіреді де, нәтижені S мәні ретінде жазады. 1 есеп Латын альфавитінің әріптерін экран бетіне шығару бағдарламасын құру. program e1; var I: char; begin for I:=‘A’ to ‘z’ do writeln(I); end. 2 есеп program e2; var x:string;a:integer; begin x:=‘ Информатика'; a:=Length(x); writeln('a=',a); readln end. 3 есеп program e3; var a,x:string; begin x:=‘информатика'; a:=copy(x,1,5); writeln('a=',a); readln end. №6 есеп“Мен оқушымын” сөзінің ұзындығын табатын бағдарлама құрыңыз. № 7 есепЛатын альфавитінің А ВВ ССС ... Z етіп шығарудың бағдарламасын құрыңыз. Үйге тапсырма Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері.Символдық мәліметтерді енгізу. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу. №8 есеп Мәтіндегі “а” әріпінің санын анықтау бағдарламасын құрыңыз.