Өсімдіктің сабағы.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
-Өсімдік мүшесінің бірі сабақ. Сабақ – өсімдіктің маңызды мүшесінің бірі. Сабақтың атқаратын қызметі: 1)Ол  өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұрады. 2)Ол тірі ағзаның тіршілік етуін қамтамасыз етеді. 3)Сабақ тамырдың топырақтан сіңірген қорегін жер үсті мүшелеріне (жапыраққа, бүршіктер мен гүлдерге, жемістерге) жеткізеді. 4)Сабақта гүлдер, бүршіктер бекиді, жемістер пайда болып, пісіп жетіледі. 5) Сабақ тыныс алуға да қатысады. Таңқурайдың сабағы тік, қатты. Мұны тік сабақ деп атайды. Ал, жүзімнің сабағы мұртшалары арқылы ілініп, өрмелеп өседі әрі жұмсақ, иілгіш. Бұл өрмелегіш сабақ.      Жер бетінде ең алғаш пайда болған өсімдіктердің бірі – жүзім. Қазіргі таңда жүзім ең көп өсірілетін аймақ – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр ауруларын, қан аздықты (анемия) емдеуде көп қолданылады. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол сондай - ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Сабақ→ өсімдік тыныс алады→тамыр арқылы қорек                                                                                жеткізеді.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.62 Kb
Количество скачиваний: 92
Просмотров: 314

Похожие материалы