Тақырыбы: Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы.
Білімділік: Оқушыларға табиғаттағы барлық өсімдіктер қоршаған орта жағдайымен,бір-бірімен байланыста тіршілік ететіні жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
1
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
2
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.
1.Қоректенуіне қарай, жануарлар қандай топқа бөлінеді?
2.Адамға жануарлардың қандай пайдасы бар?
3.Адамдар жануарларды қалай қорғайды?
.Жануарлардың бір-бірімен қандай қарым-қатынасы болатыны жайлы мысал келтіріңдер.
4.Адам денсаулығына зияны бар жануарлар.
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.
3
Жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдіктердің барлығын өсімдік жамылғысы немесе флора дейміз.Қазіргі кезде жер бетінде шамамен 0,5 млн өсімдік түрлері бар.Қазақстанда шамамен 6000 өсімдік түрі кездеседі.Олар бір-бірімен пішіні,құрылысы,өмір сүру ұзақтығы ,көбею ерекшелігімен ,таралу аймағы жағынан ажыратылады.
Өсімдіктер айырмашылығына қарай екі сатыға бөлінеді.Төменгі және жоғарғы сатылы өсімдіктер.
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.
4
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.
1.Төменгі сатылы өсімдіктерді ата.
2.Жоғарғы сатылы өсімдіктерді ата
3.Табиғатта және адам өмірінде өсімдіктердің қандай маңызы бар?
Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.
5
§46 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
6.
Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау..