Судың тірі ағзалар үшін маңызы және оны қорғау.
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Машрапов Адильбек Машрапович
|
Сынып: 5а
Пән:Жаратылыстану
Тақырыбы: Судың тірі ағзалар үшін маңызы және оны қорғау.
Мақсаты:
Білімділік: Суды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, суды қадірлеуді үйрету. Өмірмен байланыстыру. Елбасының жолдауында ауылды жерлерді құбыр арқылы келетін сумен қамтамасыз ету, ал шағын қалаларда тұрғындардың 100 пайыз таза сумен қамтылатындығы туралы айтқандарын түсіндіру.
Дамытушылық: «Сусыз тіршілік жоқ» екендігін айта отырып, судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы оқушылардың ойлау қабілетін, ізденімпаздығын дамыту.
Тәрбиелік: Суды үнемдеуге, қорғауға, таза сақтауға, әртүрлі ластанулардың алдын алуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1 кезең-.Ұйымдастыру кезеңі.
2 кезең- Үй тапсырмасын тексеру.
3 кезең- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4 кезең- Бекіту.
5 кезең- Үй тапсырмасын беру.
1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Жаңа тақырып.
Су –тіршіліктің қайнар көзі. Онсыз жер бетінде тіршілік болмайды. Адамның 70 жасқа дейінгі суға деген қажеттілігі ғалымдардың айтуынша 50 тонна. Қазіргі кезде қалалық жерде 1 адамға деген су шығыны 300-500 литр. Соның өзінде де суды ластаушы адамның өзі.
4 кезең- Бекіту.
Оқушылар алдымен тақырыпты оқып шығады, содан соң деңгейлік тапсырмалар орындайды.
1-деңгейлік тапсырма.
А) Адам және табиғат үшін судың маңызы және «Қорғау» деген тақырып бойынша оқушылардың ойларын тыңдау.
2-деңгейлік тапсырма.
А) оқу кабинетінде өсіп тұрған бөлме өсімдіктеріне тәжірибе жүргізе отырып, судың тіршілік үшін қандай маңызының бар екендігін әңгімелеу;
Ә) су және оның маңызы туралы мақал-мәтел айтудан жарыс.
3-деңгейлік тапсырма:
А)адамның суды күнделікті үй тапсырмасында және халық шаруашылығында қандай мақсаттарда пайдаланатындығын әңгімелеу;
Ә)Қазақстанның физикалық картасынан Отанымыздағы теңіздерді, көлдерді, өзендерді, қоймаларды көрсету.
4-днңгейлік тапсырма:
А)өз бетінше жұмыс. Судың маңызы және қорғау тақырыбына шағын әңгіме жазу;
Ә)біздің облысымызға ұласып жатқан Каспий теңізі суының ластануының алдын алу үшін жүргізілетін жұмыстар туралы ойларын айту.
Тест тапсырмасын орындау.
1.Судың қасиеті.
А)мөлдірлігі
Ә)ағуы
Б)иісі
В)түссіз болуы
Г)еруінде
2. су қоймасы емес.
А)көл
Ә)өзен
Б)сарқырама
В)мұхит
3.Қандай температурада су мұзға айналады?
А)0-тан жоғары
Ә)0
Б)0-тан төмен
4.Суды тазалау процесі қалай аталады?
А)қыздыру
Ә)сүзгіден өткізу
Б)суыту
5.Судың неше агрегаттық күйі бар
А)1 Ә)5 Б)3
6. Судың қасиеті.
А)ағынды болуы
Ә)жанғыштығы
Б)еруі
В)мөлдірлігі
Г)сынып кетуі
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.28 Kb |
Количество скачиваний: | 48 |