Солтүстік Еуропа және Оңтүстік Еуропа

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сыныбы : 11 (қоғ –гум  )

Тақырыбы: Солтүстік Еуропа және Оңтүстік Еуропа

Мақсаты :

А)Білімділік : Оқушыларға солтүстік және оңтүстік Еуропа елдерінің герграфиялық орны, шекаралары ,астаналары мен мемлекеттік құрлымы ,халқы туралы білім беру.

Б)Тәрбиелілік :Оқушыларды еңбекқорлыққа ,ізденпаздыққа ,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

С)Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін ,картамен жұмыс жасау шеберліктерін қалыптастыра отырып ,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі :Дүниежүзінің саяси картасы  

Сабақтың түрі : Аралас  сабақ

Сабақтың әдісі : Сұрақ- жауап,баяндау,тест

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру.

                                     2.Үй тапсырмасын тексеру.

                                     3. Жаңа сабақ 

                                     4. Картамен жұмыс

                                     5. Бекіту

                                     6.Қорытынды

                                     7.Бағалау

1. Ұйымдастыру.

Амандасу,түгендеу,белгілеу.

Сабаққа дайындау.

 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

 

Деңгейлік тапсырмалар :

А) Ауызша әңгімелеу

Б) Сұрақ  менен – жауап сізден

С)Сәйкестендір

 

Б) Сұрақ  менен – жауап сізден

1.Қай мемлекеттің 65 % пайызға жуығын таулар мен үстірттер алып жатыр?(Корея )

2.Экватордан сәл ғана солтүстікте орналасқан шағын мемлекетті ата? (Сингапур)

3.Малазияның басты сауда серіктестері?

4.Үндіқытай мен Малакка түбегінде орналасқан мемлекет? (Тайланд)

5.Қытайдың бір бөлігі саналатын арал?

 

С)Сәйкестендір

 

Корея Республикасы           малай

 

 

Сингапур                              минь     

 

Тайвань                                 корей

 

Тайланд                                  тай

 

3. Жаңа сабақ 

Жоспар :

1.Солтүстік еуропа

2.Оңтүстік еуропа

 

                                                                   

  Исландия

   

   Швеция

                             

Финляндия

     

  Норвегия

         

     Дания

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Географтар Скандинавия түбегін Финляндиямен қоса Фенноскандия деп атайды. Бұл елдердің барлығы атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауында орналасқан. Сондықтан аймақтың табиғаты, халқының шаруашылықәрекеті мен тұрмыс-тіршілігі теңізбен тығыз байланысты дамыған.

Солтүстік Атлант жылы ағысыныңәсерінен батыстағы жағалық теңіз сулары қыста да қатпайды. Скандинавия түбегінің жағалауы өте күшті тілімденген, мұнда мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар – фьордтар көп кездеседі. Жағалауда жартасты шағын аралдар көп. Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар,  норвегтер мен шведтер, шығысында финдтер тұрады. Олар ежелден бұғы шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналысқан. Норвегтердің тұрмысы теңізбен тығыз байланысты, олар ежелден-ақ ержүрек теңізшілерімен әйгілі.Дания жерінде климат қолайлы болғандықтан халық тығыз қоныстанған, жері анағұрлым жақсы игерілген.Солтүстік теңіз қайраңынан мұнай өндірумен, ағаш өндірумен айналысады. Швецияның «Вольво», «Скания» машина жасау, «Эрикссон» байланыс құралдарын жасайтын концеріндері, Финляндияның «Нокия» кәсіпорны әлемге әйгілі. Ал Дания дүниенің түкпір –түкпіріне сүт өнімдерін жөнелтеді. Солтүстік Еуропа елдерінде халықтың тұрмысы өте жоғары дәрежеде. Басқа елдермен салыстырғанда аймақтың табиғаты да біршама жақсы сақталған.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Картамен жұмыс

Оқушылар картадан солтүстік еуропа мен оңтүстік еуропа елдерін көрсетеді.

 

 5. Бекіту

 

Венн диаграммасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.Қорытынды

Тест кітапша – талдау, қатемен жұмыс.

 

Үйге тапсырма : Қосымша материал ,наменклатура жаттау.

Бағалау.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.89 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 200

Похожие материалы