Солтүстік Мұзды мұхиты, Атлант мұхиты
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Орашева Перизат Жаксыгалиевна
|
Сабақты ұйымдастырудан кейін,сабағымды бағдарлама идеясына сәйкес топқа бөлуден бастадым.Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын орнатуда «Менің атым...»тренингімен сабағымды бастадым. Бүгінгі сабақта оқушылар топтың ішінде өзара бағалайтыны ескертілді. Осы іс-әрекетім оқыту үшін бағалауды көргім келді.Оқушылардың үйден орындап келген тапсырмаларын тексердім.Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Карта ойыны» әдісімен сұрақтарға жауап алдым. «В»деңгейдегі оқушым Бекзат сұрақтардың көбін сәйкестендірді.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыру мақсатында «Солтүстік мұзды мұхиты, Атлант мұхиты» тақырыбы берілді. Соның ішінен сабақтың нәтижесіне жетуге қарай «Ой қозғау сұрақтары» арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалды. Сабақтың табыс критерийлерін анықтадық.
Оқулық бойынша тақырыпқа сай тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды орындау барысында диалогтік тәсілмен төменгі және жоғары деңгейдегі сұрақтар беріліп, оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырып отырдым. Екі топқа да маршруттық картадағы тапсырмалар берілді . Оқушылар бірінші жеке танысты, содан соң топта талқылап,қорғады. Екі топта белсенді жауап берді жауап беріп отырды. Өздерінің жұмыстарын «бағдаршам» арқылы бағалады. Сонымен бірге топтар бір –бірін бағалады. Бірінші топта «А» деңгейіндегі Владелина жеке жұмыс кезінде қалып отырды. Екінші топтар белсенді қатысып отырды . Сонымен бірге топ ішіндеде өздерін табыс критерийлері арқылы бағалады. Сабақты қорытындылауда «Конверт сұрақтары» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алынды. «С» деңгейінде бақылауға алынған Гулназ сұрақтарға жақсы жауап берді. Оқушылардың сауалдарға жауабы мадақтау сөздері арқылы бағаланды. Оқушылар топтық ережеге сәйкес бір-біріне көмектесіп, жоспарлағанымдай топ түгел жұмыстанды. Сабақ «Бағалау ағашы» әдісі арқылы кері байланыс парағын толтырумен аяқталды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.04 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |