Статья на тему "Экологиялық білім берудегі ұлттық әдет-ғұрып,салт-сананың маңызы"

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Биология пәнін оқытуда оқушылардың алған білімдерін ұлттық салт-дәстүрлермен байланыстыра отырып, экологиялық тәрбие беруді дамыту қазіргі күннің өзекті мәселесі. Мақалада ұлттық наным, әдет-ғұрыптар туралы көптеген мысалдар келтірілген, пәнаралық байланыс қамтылған.

Әрбір адамның табиғатқа деген қарым қатынасы оның жас кезінен бастап,жанұяда,балабақшада, мектепте, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында алған тәрбиесіне тікелей байланысты екені белгілі. Бұл салада да халықтық педагогиканың озық үлгілерін пайдалану ұстаз бен тәрбиешінің төл ісі, азаматтық борышы және парасатты парызы болмақ.

Біздің мақсатымыз –осы ата-бабамыздың асыл қасиетін ұрпақтан-ұрпаққа өтіп дамуына көмектесу. Сонда ғана ұстаздар,педагогика ғылымы өз асыл міндеттерін адал атқарып,асыл табиғатты адамның мәңгілікке сақтап қалуына көмектеседі. Айналадағы орта жайындағы білім пәнаралық және пән тұрғысында қарастырылуы керек,яғни экологиялық арнайы жеке пән деп қарамай, барлық оқу жоспарында пәндерді айналадағы ортаны қорғау идеясына бағындыру деп ұққан жөн. Сонда оқушылардың айналадағы табиғи орта туралы біртұтас түсінік алуына болашақ мамандардың айналадағы табиғи ортаға тигізетін нәтижелі тәсілдер ықпалы мен әсерін бағалай білуіне мүмкіндік туады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.79 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 126

Похожие материалы