Статья на тему: Сабақты талдау әдістері мен түрлері.
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Койгельдина Бакытгул Жумагалиевна
|
Койгельдина Бакытгүл Жумагалиевна учитель английского языка Семипалатинского государственного колледжа им. М.О.Ауезова
Сабақты талдау әдістері мен түрлері
Педагогикалық сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің құрылымын, білім сапасын, оқытушының кәсіби біліктілігін анықтау, болып табылады.
Оқушылардың білім, білік іскерлігі мен сабақты талдаудың мақсаты:
-оқушыларды кәсіби мамандықты игеру деңгейі, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқыту процесінің мазмұндылығын анықтап, оған нұсқау беру;
-оқу-тәрбие процесінің құрлымымен мазмұның анықтау;
-оқушылардың білім, білік, дағды,іскерлік сапасын, деңгейін бақылау;
-мұғалімнің не шебердің кәсіби біліктілігін анықтау;
-мұғалімге нұсқау, педагогикалық шеберлікке жетуге көмек беру;
-мұғалімнің жетістігін анықтау, және оны жариялау
-мұғалімнің кемшіліктерінің себебін анықтау,оны жоюға көмектесу
-мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Сабақты талдау барысында оқытушының немесе оқу шеберінің, оқушының сабақтың іс-әрекетін төмендегі көрсеткіштермен талдайды.
Оқытушы немесе оқу шебері:
-ұйымдастыру мақсатын дұрыс және айқын қоюы;
-теориялық білімділігі;
-педагогикалық мәдениеті;
-уақытты тиімді пайдалануы;
-сабаққа тиімді және жаңа әдістерді қолдануы;
-оқушыға жеке дара көңіл бөлуіді іске асыруы;
-көрнекі, техникалық оқу құралдарын тиімді пайдалануы;
-оқушылар білімін дұрыс бағалай біліуі;
-сабағын өзіндік талдауы.
Оқушылардың сабаққа қатысуы:
-оқушылардың сабаққа ынтасы, белсенділігі;
-білімі дайындығы;
-жан-жақтылығы, логикалы ой-дәрежесі;
-практикалық, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті;
-тәртібі мәдениеті, киіну мәдениеті;
-оқу-құралдарының сапасы.
Сабақтың өтілу барысы:
-сабақтың тартымдылығы;
-жаңалығы,өмірмен байланысы,ғылымилығы;
-интенсивтілігі,тиімділігі;
-оқушылардың танымдық логикалық ойлау қабілетін арттыру;
-сабақтың жүйелілігі, сабақ құрлысының сақталуы;
-сабақтың нәтижелігі,оқушы нені қаншалықты үйренгендігі;
-үй тапсырмасының, берілуі, мөлшері,эстетикалық,
-санитарлық –гигиеналық, қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Оқытушылар өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабаққа еніп,теориялық және практикалық сұрақтардан, сабақтың түрі мен әдісі жағынан,оқу-тәрбие жұмысының нәтижесімен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, қажет жағдайда озық тәжірибесін өз сабағына пайдаланып,үйренеді.
Оқытушылардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабақты талдауы төмендегі көрсеткіштер бойынша жүзеге асады:
-оқу-тәрбие процесінің негізгі міндеттері;
-сабақтың негізгі құрлысы;
-оқу-материалды тиімді іріктеу;
-оқыту әдісін үйлесімді таңдап алу;
-оқушының жалпы білім, дағды деңгейі;
-оқыту әдісін даралауды жүзеге асыру;
-көрнекілік ожәне техникалық оқу құралдарын пайдалану;
-пәнаралық дайланыс және өмірмен байланыс;
-үй тапсырмасының берілуі;
-оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі,ұйымшылдығы,белсенділігі;
-уақытты тиімді пайдалануы;
-эстетика, санитарлық-гигеналық шарт;
-моралды-психологиялы ахуал
-Сабаққа деген талаптардың орындалуы.
Сабақты талдау парағында пән аты, тобы, қатысқан күні, оқытушының аты-жөні, сабақтың тақырыбы жазылады. Талдау соңында өткізген сабаққа жалпы пікір, ұсыныстар мен қорытындылар жазылады.
2. Бақылау сұрағы
Кәсіптік оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудаарналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты қазіргі қоғам талабына сай терең білім, білік, дағдылар мен құзырлылықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдерқабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі айтылған.
Білім саясатының өзекті мәселелері-кәсіптік дайындаудың сапасын жақсарту, білім мен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбгейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгеру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғарғы деңгейде қолдана білу.
Оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологиялары жетілдіріп, кәсіптік лицейде сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Кәсіптік білім беруде күрделі де маңызды мәселе оқушыны болашақ мамандығына биімдеу,кәсби біліктілігін дамыту, сапалы және құзыретті мамн дайындау.Кәсіби білікті мамндар дайындау,үшін білім беру үдерісіне оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін енгізу қажет.Оқу үдерісін белсенділендіру-берік те тиянақты білім беруді жолдарын қарастыру, оқушылардың шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, олардың келешек мамандығына қызықтыра білу, оқу-өндірістік және тәрбие үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқушының жан-жақты білім алуына, іскер әрі таланытты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер ықпалы ас зор.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларының меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»-деп көрсетілген.Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы компьютер болып саналады.
Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құүралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне белсенді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі-бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Активті экран»болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,логикалық-құрлымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға биімдеу.
Кәсіптік оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты –оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеру үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұйымдастыруына мүмкіндік беру.Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар тексеру программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.Кәсіптік оқыту саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы,ал оқытушы үшін жұмысшы болып табылады.Оның қолдануы нәтижелі болу үшін бағдарламалық құралдар толық түрде оқытушының және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 62 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |