Статья на тему:"Көптілді меңгеру бүгінгі заман талабы."

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Көптілді меңгеру бүгінгі заман талабы.

 

 

   Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілдік және көпмәдениеттілік жағдайында болғандықтан жастар алдына үлкен де күрделі мәселелер қойып отыр. Көптілділік Қазақстан халықтарын рухани дамытумен қатар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін ішкі саясаттын жекелеген бағыты. Көптілдікті дамыту мәселесінің туындаған себебі мемлекет дамуымен тікелей байланысты. Осы тұрғыда ең маңызды істің бірі- жалпыға міндетті білім беру стандартын оқушыларға меңгерте отырып, оларды көптілді тұлға ретінде қалыптастыру.

  Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі-мектепте көптілді және билингвалды білім беруді жолға қою болып табылады.

   Қазіргі әлемдік бәсекеде ғылым мен технология дамыған дәуірде, жас ұрпақтың негізгі міндеті сапалы білім алып, ғылыми технологияларды толыққанды игеріп, болашақта бәсекеге қабілетті, өмірге дайын болып шығу.

   Көптілді білім-көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Еңбек нарығында,өмірлік қызметте тілдік кедергілерге ұшырамайды.
   Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Биылғы жылғы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» - деп көрсетті.  . Көптілдік жеке адамға ғана емес, қазақстандық қоғамға пайда әкелетін фактор деп санауымыз қажет. Көптілдікті дамыту барысында патриоттық тәрбиені күшейту мәселесі туындайды. Басқа тілдерді үйренумен, басқа мәдениетті білумен қатар, жас ұрпақ өз елінің құндылықтарын биік ұстауына бүгінгі мектеп жауапты.

  Өмірде өзге бір ұлттың тілін игерген адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, күллі мәдени қүндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Азаматтарымыздың қазіргі ай сайын алға ілгерілеп, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерісшең өмірге ойдағыдай сәйкесуі үшін, қос тілді болып қана қоймай, қайта көп тілді болуы төтенше қажеттілікке айналуда. Бұлай істеу әр азаматтың өзіне де, өзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді болу кез-келген адамды кең өріске, тың өмірге бастайды.

   Көптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Көптілді білім беру-бұл мектепте оқу пәндерін екі немесе одан да көптілде аудармасыз оқыту.

   Бүгінгі заман талабына сай   Біләл Назым атындағы орта мектепте көптілді және билингвалды оқыту 2010-2011 оқу жылынан бастап жүзеге асырылуда.

2010-2011 оқу жылында 10-11 сыныптарда география ұйғырша-орысша және  биология пәнінен ұйғырша-қазақша сабақтар жүргізілді.

 

 

2011-2012 оқу жылында математика пәнінен ұйғырша-орысша 10-11 сыныптарда жүргізілді.

 

 

2012-2013 оқу жылынан қосымша тарих сабағынан 6 сыныптарға ұйғырша-орысша, 7-8 сыныптарға ұйғырша-қазақша сабақтар жүргізілуде.

 

 

  2013-2014 оқу жылында 4-сыныптарда математика пәнінен билингвалды оқыту енгізілді.

 

  Жетістіктер:  2011-2012 оқу жылында аудандық ҚҒА конференциясында төмендегі оқушылар:

   8 сынып оқушысы Мансурова Дилраба информатика пәнінен «Использование презентаций PowerPoint в учебном процессе» орыс тілінде, 10А сынып оқушысы Таирова Қалбинур «Similanties and differences of infinitive between Kazakh and English languages» ағылшын тілінде, 7 сынып оқушысы Смаилов Билимжан «Сын земли» тақырыбына орыс тілінде,  8Б сынып оқушысы Муталипова Калбинур «1936-37 жылдардағы жаппай репрессиялау. Оның жерлестер тарихындағы бейнесі» тақырыбында қазақ тілінде өз жобаларын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. 2012-2013 оқу жылында Мансурова Дилраба облыстық ҚҒАға қатысып, І орынды иеленіп, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің информатика факультетінің грантіне ие болды. Республикалық ҚҒАға қатысты.  Таирова Калбинур облыстық ҚҒАға қатысып, І орынды иеленіп, Республикалық ҚҒА ға жолдама алды.

    2013-2014 оқу жылында аудандық ҚҒА конференциясына 9В сынып оқушысы Касымова Дилярам «Заимствованиев английском языке» тақырыбында ағылшын тілінде өз жобасын қорғап, І орынға ие болды. 

  2011-2012 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында 10 сынып оқушысы Таирова Қалбинур қазақ тілі пәнінен І орынға, облыстық пән олимпиадасына қатысып, І дәрежелі дипломмен Алтын медальға ие болды. 2013-2014 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында география пәнінен 9 сынып оқушысы Мухамедова Дилбирим І орын, облыста ІІІ орынға ие болды.

 

Аудандық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі орынға ие болған оқушылар:

Оқу жылы

Қатысқан оқушы саны

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

2011-2012

8

4

4

2012-2013

8

6

2

2013-2014

11

8

3

Билингвалды оқыту нәтижесінде мектеп оқушыларының интеллектуалды ойындарға қызығушылығы артып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

 

 

 

Ойын түрі

2011-2012

2012-2013

2013-2014

Ақ бота

27

60

89

Русский медвежонок

13

61

68

Кенгуру

32

134

 

Британский бульдог

13

29

 

Золотое руно

37

55

 

 

 

 

 

 

 

   Біләл Назым мектеп ұжымы оқушыларға көп тілді және билингвалды білім беру арқылы,ұлттық және жалпықазақстандық құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлғаны тәрбиелеп шығару мақсатында еңбектенуде.
«Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парызымыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу- басты міндетіміз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 34.22 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 93

Похожие материалы