Статья "Отбасындағы келіспеушіліктің бала психологиясына әсері"
Предмет: | Школьному психологу |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ермухамбетова Дана Кайратовна
|
Отбасылар әртүрлі болады, ол жердегі балалар да түрлі болып келеді. Педагогтар, психологтар және социологтар (Х.Арғынбаева, С.Ковалев, К.Оразбекова, т.б.) отбасын әртүрлі түрге : үйлесімді, бүлінген немесе ыдыраған, толық емес отбасы деп бөледі. Отбасылық өмір мәнері жеке адамның қалыптасуына үлкен із қалдырады. Ғалымдар (В.Гребенников, Г.Андреева) бірауыздан «отбасылық өмір атмосферасы» ұғымына отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, ақпарат алмастыру, қабылдау және меңгеру, ата-анамен балалардың бірлескен еңбек және эстетикалық іс-әрекеттің әртүрлі формалары сияқты факторларды енгізеді. «Отбасы қарым-қатынасы» сөзінің де терең мәні бар. Олардан жеке адамның қалыптасуы туралы жылылық пен мейірімділік, рухани жақындық, қарапайымдылықты көруге болады. Дұрыс қарым-қатынас жасау жақсы көңіл-күйдің, психологиялық денсаулықтың, шығармашылық іс-әрекеттің негізі болып табылады. Деструктивті қарым-қатынас – «әр сағат сайын болмыстың бір бөлшегін алып кететін» қатынас. Ол қайырымдылық пен өзара түсіністіктің отбасында болмауы. Бұл жатсынуға, ашуланшақтық пен тұйықтыққа әкеледі. Баланың мінезін дұрыс жаққа өзгерту үшін, ең алдымен ата-ана өзін өзгертуі қажет. Мұны түсіну оңай емес. Бұл үшін балаларға деген қатынас таптауырындары (стереотиптері) болуы қажет. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – бала бәрін тыңдап, орындайтын адамдай қарау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.43 Kb |
Количество скачиваний: | 54 |