Статья по история на тему "Ұлттық сана ұлттық мінезбен қалыптасады"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Спатаев Нұркелді Тәжібайұлы
|
Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік –этникалық, қауымдық бірлестігінің жоғары түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтығы болып табылады.
Ұлттың жан-күйі мен ұлттық мәдениет арасында тығыз бар. Ұлттық мінез-құлық ерекшелігі ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Ол жөнінде атақты композитор Н.А.Римский-Корсаков: «Музыка ұлттан тысқары өмір сүрмейді. Қандай да болмасын музыка мәдениетінің мазмұны жалпы адамзаттық болып келгенімен оның түрі ұлттық болып қала береді. Ұлы композиторлардың шығарған ән-күй музыкас бүкіл адамзат мәдениетінің қорына қосылған, идеясы барлық ұлтқа ортақ интернационалдық мұра болғанымен, оның ұлттық жан-күйінің өзгешелігі сақталады» –дейді. Әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық, қызуқандылық ерекшелігі сол елдің музыка мәдениетінен қалай сезілсе, би өнерінен, қол өнерінен де сондай ашық, айқын сезіліп, көрініп тұрады. Біз ән, күйлерді тыңдай отырып немесе билерді, ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін көп қиналмай ажыратамыз.
Ұлттық жан-күй үйлесім ерекшелігі адамдардың отбасылық қарым-қатынасынан, киім кию түрлерінен, спорттық ойын ерекшеліктерінен немесе тұрмыстық салт-дәстүрлерден ( келін түсіру, қыз ұзату тойлары, т.б.), ұлттық тағам түрлерінен айқын байқалады.
Ұлттық жай-күй үйлесімі үш бөліктен тұрады: ол – ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлік ұлттық мәдени ерекшеліктердің шартты белгілері болып табылады.
Ұлттық сезім дегеніміз – адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін білдіруі. Ұлттық сезім – адамды қоршаған ортаның (әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының) сол ұлт өкіліне тартқан ерекше сыйы. Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты, адамның жеке басының қанағаттануына, шаттануына немесе риза болмауына, қанағаттанбауына байланысты ой-қиял, әсер, түйсігінің сыртқа шыққан көрінісі, ол өзгелерге тіл арқылы жеткізіледі. Мысалы, «Елім-ай» әнін ести отырып, елінің басына түскен ауыртпалықты, шапқыншылықты елестетіп мұңаюы немесе «Сарыжайлау», «Сарыарқа» күйлерін ести отырып, тыңдаушының туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік, шаттық сезімінің оянуы табиғи заңды құбылыс. Сондай-ақ «Туған жер Волга өзеніне» арнаған орыс әнін, Кавказдың асау Терек өзеніне арнаған әні мен «Асся» биін тыңдап, көріп отырған ұлт өкілінің туған өлкесіне, өз ұлтының мәдениетіне деген асқақ сүйініш сезімінің бір белгі бермеуі мүмкін емес. Міне, мұның бәрі ұлт мәдениетінің ұлттық рухани сезімді оятуға тигізер әсері. Адамның ана тіліне деген сүйіспеншілігі де ұлттық сезімнің ерекше бір түрі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.84 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |