ҰСТАЗДАРДЫҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІНІҢ БІЛІМДІЛІК, БІЛІКТІЛІГІН МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТА ТҮРЛЕНДІРУ.

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Психологиялық- педагогикалық семинарлар арқылы  мұғалімдердің кәсибі деңгейінің білімділік және біліктілігін түрлендіру.

Мектеп өмірінде мұғалімдердің кәсіби дайындығын көтеруде психологиялық-педагогикалық семинарлардың және практикумдар семинарлардың маңызы арта түсуде.

    Психологиялық – педагогикалық семинарларда мұғалімдер теориялық мәселелермен және озат педагогикалық тәжірибелермен танысады, терең білім алады. Семинар әр түрлі вариантта өткізіледі: кейде лекция, кейде баяндама – хабарлау, пікір алмасу, пікір талас, дебат, іскерлік ойын, баспасөз конфернециясы, ғылыми жоба қорғау және т.б болып ұйымдастырылады.    

  Мұндай семинарлар, лекциялар, баяндамаларға мектептіңм әдістемелік жұмыстарды бірлесе ұйымдастырып жүрген білім жетілдіру, ғылыми – зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының ғалымдары, әдіскерлері де шақырылады. Мұндай семинарларда мұғалімдер оқу тәрбие үрдісінің маңызды мәселелері туралы ғылыми – теориялық біліммен қаруланады және озық педагогикалық іс – тәжіриберелмен, іргелі және қолданбалы ғылыми  - зерттеулер жетістіктерімен танысады.

   Мұғалімдердің практикалық іскерлігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту практикумдар-семинарлардың ролі өте зор. Көбінесе мұндай семинарларда педагогикалық ситуацияларды шешу және есептер шығарылыды.  Сонымен бірге, сабақ үстінде оқушылармен істелетін жұмысты басқаруға, сабақта бақылау әдісіне, сабақты талдау әдістеріне үйретеді. Осының нәтижесінде әрбер мұғалім өз ісіндегі кемшіліктерді байқайды, теориялық практикалық білім алуға тырысады, қызығушылығы белсенділігі артады.

  Қазіргі заман мұғалімнің жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап етеді. Сондықтан әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару, теорияларымен, педагогикалық психологиялық мәселелермен, шетел психологтары және педагогтарының теорияларымен үнемі қаруланып отыруы қажет.

  

 

 Құрметті әріптестер! Барлық күш жігерімізді білім сапасын көтеруге, әр тұлғаны өз ерік – жігері мен қабілетіне байланысты дамыта отырып, еліміздің білімді, өнегелі болашақ жастарын тәрбиелеу мақсатында еңбек етейік. Өйткені «Білім жетістігі – мұғалім шеберлігінің нәтижесі».

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 93.5 Kb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 104

Похожие материалы