Үстеу және оның түрлері .

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Конспекты
Автор:

Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгіжәне туынды үстеу жатады.

 

Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

 

Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;

2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

 

-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б.

 

-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.

 

-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.

 

 

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.87 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 160

Похожие материалы