Судың қасиеттері және қолданылуы

Предмет: Химия
Категория материала: Презентации
Автор:
Пән:химия.    Сынып:8 Тақырыбы: Судың химиялық қасиеттері Мақсаты: Білімділік:Өткен тақырыптардан алған білімдерін бекіту.Судың                    химиялық қасиеттерін металдардың кернеу қатары                                   арқылы түсіндіре отырып,тәжірибе жүзінде көрсету арқылы жаңа                   білімді игеру; Дамытушылық:білімдерін толықтыру,есеп шығару,формулаларды                             жазып,айта білуге,реакция теңдеулерін өз беттерінше жазуға                             машықтандыру; Тәрбиелік:сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауға,ұқыптылық пен                   жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі мен әдісі:Жаңа тақырыпты меңгеру,дәріс,сынақ,тәжірибе,                                            Қараев технологиясы бойынша деңгейлік                                            тапсырмалар,презентация Көрнекілігі:Металдардың кернеу қатары,периодтық жүйе,оқушының жеке папкасы,жеке тапсырмалар,кеспе қағаздардағы формулалар,натрий металы,мырыш,су,кальций оксиді Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.Сабаққа әзірліктерін бақылау 2.Үй тапсырмасын тексеру:1.Үйге берілген есептердің жауабын сұрау. Жауабы:№5 20г йод,180 г су; 2.Өткен сабақтарға арналған жаттығу-тапсырмалар. 1-деңгей(3ұпай)  1.Ерітіндінің  концентрациясы 2.Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін қалай есептейміз? 3.Оксидтер,қышқылдар,тұздардың анықтамасы. Формулаларды ата.(формуланы көтеру арқылы) Жауабы: 1.Ерітіндінің концентрациясы-еріген зат шамасының жалпы ерітінді шамасына қатынасымен анықталады. 2.Еріген заттың массалық үлесі-еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасы. 3.Оксидтер-біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар.    Қышқылдар-құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар    Тұздар-металл атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.   II деңгей(4ұпай) Ерітінділерге байланысты жеке есептер II деңгейдің жауаптары(4ұпай) 1-9,5г тұз 2-37,5г тұз 3-11,11% 4-0,25г тұз,49,75г су 3.Жаңа сабақ Судың химиялық қасиеттері Жоспары: 1.Судың жай заттармен әрекеттесуі. 2.Судың күрделі заттармен әрекеттесуі 3.Бекіту Металдардың кернеу қатары. 1.Судың жай заттармен әрекеттесуі. 1.Белсенді металл+су=сілті+сутек газы.Тәжірибе 2.орташа белсенді+су буы=металл оксиді+ сутек 2.Судың күрделі заттармен әрекеттесуі. 1.Негіздік оксид+су=негіз.Тәжірибе Негіздік оксид дегеніміз-сумен әрекеттесіп,сілті түзетін металл оксидтері. Тәжірибе 2.Бейметалл оксид+су = қышқыл Қышқылдық оксид дегеніміз-сумен әрекеттесіп,қышқыл түзетін бейметалл оксидтері Сергіту 4.Бекіту. III деңгей 1.Берілген формулаларды негіздік оксид, қышқылдық оксидке, негіздерге, қышқылдарға бөліп орналастыр. 2.Реакция теңдеуін аяқта. K+H2O = Mg+H2O= K2O+H2O= SO2+H2O= III деңгейдің жауабы (5ұпай) 2K+2H2O =2KOH+H2 Mg+H2O=MgO+H2 K2O+H2O=2KOH           SO2+H2O=H2SO3 5.Бағалау. 12-ұпай- “5”          10-11-ұпай-“4”  8-9 ұпай-“3”           7-төмен-“2” 6.Үйге тапсырма              
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 11.41 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 157

Похожие материалы