«Сөйлем. Білімді тиянақтау.»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау.

Оқушылардың ой- өрістерін, шапшаң, жан- жақты ойлау қабілеттерін, жылдам шешім қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру.

Мақсатына жетуге ұмтылдыру, тарқырлыққа, алғырлыққа, шапшаңдылыққа, ізденімпаздылыққа баули отырып, топпен, өздігінен жұмыс істей білетін, сенімді, болашақ жеткіншек тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Көрнекілігі: Білім ағашы, жапырақтар, сандық, көрсеткіш белгілері, сайқымазақ, балықтар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дене жаттығулары

  •  Қаламды немен ұстаймыз? Саусақпен
  •  Немен жазамыз? Қолымызбен
  •  Немен ойланамыз? Басымызбен
  •  Немен қабылдаймыз? Жүрегімізбен
  •  Немен жүгіреміз? Аяқтарымызбен

Мен ақылдымын! Мен озат оқушымын! Менің денім сау болады! Елім аман, Отаным тиыш болады! Мен, бұл әлемнің бар байлығын қабылдауға дайынмын! 2-3 ОП (шапалақтау)
- Көңіл- күйлерің қалай?
- Ендеше бір- бірімізге бас иіп амандасайық.

Бүгін сабақтарын ерекше өтпек, себебі, өз білімдерінді ортаға салып, мына білім ағашының шыңына көтерілесіңдер. Жаттығулар орындайсыңдар, ойын ойнайсыңдар.
- Қандай ағаштарды білесіңдер? (Оқушылар білетін ағаштарын атайды)

Өте жақсы, ал біздің бүгінгі ағашымыз білім ағашы деп аталады. Бұл ағаштың биігіне көтерілу үшін, сендер білімді, қиялшыл, ойшыл әрі шапшаң болуларың керек.

Өткенді пысықтау: «Кубизм» ойыны

  1.  Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай неше топқа бөлінеді?
  2.  Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай қандай топтарға бөлінеді?
  3.  «Күн жылынды ма?» қандай сөйлем?
  4.  Лепті сөйлемге мысал келтір.
  5.  Сөйлемнің қай түріне соңына «нүкте» қойылады?
  6.  Сұраулы сөйлемге мысал келтір.


- Тамаша, балалар, бұл сиқырлы кубтың сұрақтарына оңай-ақ жауап бердіңдер. Қазір сендер асық тастай отырып, мына парақшаларды жинасаңдар, дана сөз табасыңдар.
«Асық тастау»

  1. Білекті
  2. бірді
  3. жығады
  4. білімді
  5. мыңды
  6. жығады

Хормен оқыту, мағынасын ашу

Қане , балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді?
-Түлкі, сендерден көмек сұрайды. Ол біздің білім ағшына барлық жемістерді үйіп қойыпты, енді бұларды қалай жиятынын білмей отыр. Өзімен бірге хат ала келіпті.
«Білімді болсаң, біліміңді шында. Ортаға сал. Біз де көрейік»

Ағаштағы жемістерді тере отырып, берілген тапсырмаларды орындау.

Кейбір тапсырмалар дәптерге орындалады. Сондықтан да, дәптерге бүгінгі күннің жұлдызын жазып, көркем жазу минутын ұмытпайық.
Желтоқсанның жиырмасы

1- ші жеміс: 79 бет 236- жаттығу
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

2- ші жеміс: 83 бет 246- жаттығу
Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз. Әр сөйлем қандай мазмұнды білдіретінін айт.

3- ші жеміс: Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Қолды алға созамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
оңға , солға бұрылып
Орнымызға отырамыз.

4- ші жеміс: Топтық жұмыс
3 топқа бөлініп, түлкінің тапсырмаларын орындау.
1- ші топ: Оң жағында (3 хабарлы сөйлем құрастырыңдар)
2-ші топ: Сол жағында (3 сұраулы сөйлем құрастырыңдар)
3- ші топ: Төмендегі (3 лепті сөйлем құрастырыңдар) тапсырмаларды орындайды.

5- ші жеміс: 84 бет 250- жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді тап.

Бекіту: Тест тапсырмалары
Қорытынды:Бүгінгі сабақта барлық тапсырмаларды шапшаң орындап, мына ағаштың шыңына көтерілдіңдер. Жарайсыңдар!
Бұл қандай ағаш еді?

Олай болса, бүгін балар біз өзіміздің білім ағашымызды өсірейік. Ол үшін мына жапырақтарға өз аттарыңды жазып, сабақтарға іліңдер, ал мен сендерге көмектесемін.
Бағалау: Жүректен жүрекке (Қызыл жүрек- «5», жасыл жүрек- «4», сары жүрек- «3»)

Үй тапсырмасын беру: 85 бет 253- жаттығу. Түсіндіру, талдау.

  • - Көңіл- күйлерің қалай? (көрсеткіш белгілері арқылы анықтау)
  • - Ендеше, бір- бірімізге бас иіп қоштасайық. Қонақтармен, менімен, жаныңдағы көршіңмен, артыңдағы көршіңмен.
  • - Сабаққа белсене қатысқандарың үшін көптен- көп рақмет!
  • - Сабақ аяқталды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.15 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 123

Похожие материалы