Сыныптан тыс жұмыс.Тақырыбы:Кім жүйрік ойға- сол алда 4-сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мақсаты:
1.Алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу, алған білімдерін іс жүзінде көрсете білу.
2.Әр баланың ерекшелігін таныта отырып, білімге деген құштарлығын арттыру.3.Білімділікке,адамгершілікке, Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, ұлағатты нақыл сөздер

Ұйымдастыру кезеңі:

І Мұғалім сөзі:Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,Мұндай күй болған сірә қаншаңызда!Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық ,4 сынып ортамызда

Бесіктегі баланың,Күлгенін көрген бір мұрат.Алдына түсіп ананың,Жүргенін көрген бір мұрат – дегендей, мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын.

Шәкірттеріме тілерім: « Бірінші байлық- денсаулық» -демекші, денсаулықтарың мықты болсын, ақылды, білімді, ел билейтін ұл мен қыз болыңдар дегім келеді.

Бүгінгі сыныптан тыс шарамызжоспарымен таныстырып өтейін.

«Кім жүйрік ойға- сол алда»

І айналым «Біліміңді шыңда»

ІІ айналым«Қас-қағым сәтте»

ІІІ айналым «Ойымды жалғастыр»

IV айналым«Ізденіс – жеміс кепілі»

V айналым«Ой түйіндеу»

Пайғамбарымыз ( оған Алла разы болсын ) өз үмбетіне білім үйренудің маңыздылығын өте көп аманат еткен. «Қытайға барсаң да, білім үйреніп қайт » -дегені жақынға да , асқан қиыншылыққа қарамай білімге көңіл бөл деген мағынаны білдіреді.

Өзіміздің дана ата бабаларымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»-деп білім күшінің зор екендігін аз сөзбен аса шешен сипаттаған ғой.

Ендеше өз білімдерімізді ортаға салайық

І айналым : «Біліміңді шыңда»

( математика, қазақ тілі, дүниетану пәні бойынша сұрақтар)

Жұмбақ

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.(Күн)

1.Ең кіші бір таңбалы сан?1

2.Ең үлкен екі таңбалы сан?99

3.Ең кіші натурал сан ?1

4.Қазақ тілінде неше дыбыс бар?37

5.Мәтіннің неше түрі бар?3(әңгімелеу, пайымдау, сипаттау)

6. Сөз таптары нешеу ? 9 Атап шық.

7. Өз алдына мағынасы жоқ сөздер ? Шылау

8. Біздің мемлекетіміз қай материкте орналасқан ? Еуразия

9. Жердің кішірейтілген үлгісі ?Глобус

10. Жерге ең жақын жұлдыз?Күн

«Мөлдір бұлақ» , «Жас ғалым », «Хан талапай» журналдардан, газеттерденоқығандарыңды

«Сен білесің бе?» айдары бойыншаеске түсіріп жіберейік.Біріміздің айтқанымызды біріміз қайталамаймыз.

ІІ«Қас-қағым сәтте»

Жұмбақ:

Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (Ағаш)

1 минутта 8 сұраққа жауапберу қажет.Әріптерді оқушылар өздері таңдап алады.Әріптерге байланысты жауап аталған әріптен басталуы шарт.

А әрпінен бастауҚ әрпінен бастау

1.Қазақ ханы ? Абылайхан1.Атақты күйші ?Құрманғазы

2. Қадірлі жан ? Ана2.Үлкен кісі?Қарт

3.Әкеңнің әкесі? Ата3.Математикалық амал?Қосу

4.Математикалық амал ? Азайту4.ҰлтҚазақ

5.Оқулық ? Ана тілі5.Сүттен алынатын тағам?Құрт

6.Қазақтың ғұлама ақыны ? Абай6.Жылқының сүті?Қымыз

7.Айдын көлдегі ең әдемі құс ? Аққу7.Музыкалық аспап ?Қобыз

8.Биік тауда мекендейтін жануар ? Арқар8.Көмірлі қала?Қарағанды

Б әрпінен бастауЖ әрпінен бастау

1.Ең жақсы баға? Бес1.Жүз жасаған ақын?Жамбыл

2.Көктем гүлі ? Бәйшешек2.Жыл мезгілдерінің бірі? Жаз

3.Математикалық амал ?Бөлу3.Өті жоқ жануар? Жылқы

4.Алтын дән ?Бидай4.Орман құсы? Жапалақ

5.Білекке тағылатын әшекей ? Білезік5.Сен нағашыңа кім боласың? Жиен

6.Дүние жүзіндегі ең терең көл ?Байкал6.Септіктің бірі?Жатыс

7.Еліміздегі ең ірі көл ? Балқаш7.12 айдың бірі? Желтоқсан

8. Апалы-сіңлілі қыздардан туған8.Үш таңбалы санның ең кішісі? Жүз

балалар бір-біріне кім болады? Бөле

а) Мына жануарлардың төлдерін ретімен ата .Аю, киік, қоян, қасқыр ( қонжық, құралай, көжек, бөлтірік)

ә) Мына жемістерді кішісіне қарай ата .( алма, шие, қарақат, өрік)

б) Ұғымдарды ретімен орналастыр. ( Сөйлем, сөз, әріп, буын)

в) Мына сөздерді алфавит ретімен орналастыр .( борышты, әркім, Анаға )

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.84 Kb
Количество скачиваний: 69
Просмотров: 273

Похожие материалы