Сырым Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі. 8 сыныпқа өткізілген ашық сабақ

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сырым Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі.

Мақсаты:
1. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары, мақсаты, себептері, сипаттары, қозғаушы күштері, ерекшеліктері мен тарихи маңызына терең талдау жасау. Сырым Датұлы тәуелсіздіктің іргетасын қалаушы, саясатшы батыр, ірі тарихи тұлға ретінде қарастыру.

2. Ақпараттық технология әдісі арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, тарихи деректерді тұжырымдап, талдауға бейімдеу.

3. Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап. Сатылай комплексті талдау, интерактивті зерттеу сабағы.

Көрнекілігі: Тақырыпқа қатысты тарихи тұлғалардың портреті, схемалар, кестелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды сабаққа даярлау.
Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауын сұлу жері
Ақ пейіл, дарқан көңіл, халқымыз бар,
Болғанда бірі – батыр, бірі – сері.
Әз бабам азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңылақ шаһид кеткен.
Солардың құдіреті, ой-арманы,
Таңы боп, тәуелсіздік бізге жеткен.

Бүгінгі сабағымызға тәуелсіздікке қол жеткізуге себепкер болған ірі тарихи тұлғамен таныс боламыз. Сондықтан да, бүгінгі сабағымызды зерттей отырып, өзіміз жеке журналымызды даярлап шығарамыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Үйге берілген тапсырма бойынша:
1. «Жылдар сөйлейді» жұптары бойынша жылдарды айтып шығады.
1) 1773 ж.қыркүйек – 1774 ж.наурыз
1774 ж.наурыз – 1774 күз
1775 ж.қыркүйек – 1776 ж.ақпан
2) 1773ж.қыркүйек – 1774 ж.сәуір
1774 ж.сәуір – маусым
1774 ж.жазы – 1776 ж.

2. Бұл кім?                                                                       Бұл не?
(Жекелеген оқушыларға карточкаларды таратып беріп, сол сөздің түсініктемесін түсіндіріп береді.)
1. Е.Пугачев                                                                   1.Усиха
2. Нұралы                                                                       2. Орынбор
3.Зәбір                                                                            3.Пресногорьковск, Тройцк
4.Суворов                                                                       4. Орал
5. Н.А.Рейнсдорф                                                          5. Орыс помещиктері.
6.Байбақты
7.Дәуітбай
8.Сырым
9. Е.Петровна
3) Жалғастыр.
1. Қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың көтеріліске қатысуына... түрткі болды? (жер)
2. 1742 жылы 19 қазан Жайықтың бойында мал жоюға тыйым салған патша үкімін... (жоюды талап етті)
3. Еділ мен Жайық бойындағы шаруалар Е.Пугачев басқарған 1773-1775 жылғы шаруалар соғысына... (қатысты)
4. Кейін Орал қаласында Е.Пугачевке арналған ... (музей ашылды)
5. 1775 жылы 7 қараша сыртқы істер коллегиясының жарлығы бойынша, қысқы уақытта Еділ, Каспий теңізі, Ертіс пен Жайықтың оң жағалауы бойындағы жайылымдарды ... (пайдалануға рұқсат берді)
6. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан Кіші жүз қазақтарының көтерілісі ...        (3 кезеңге бөлінді)

ІІІ. Үй жұмысын қорытындылау.
Сонымен, Е.Пугачев көтерілісіне Кіші және Орта жүз қазақтарының қатысуы 3 кезеңге бөлінді. Көтеріліс жеңілгенімен тарихи маңызы өте зор болды:
1. Орыс, қазақ шаруаларын біріктірді.
2. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына себеп болды.
Ұлт-азаттық қозғалыс деген ұғым нені білдіреді?
1. Ұлт-азаттық қозғалыс – отар елдерге тән тарихи құбылыс.
2.Ұлт-азаттық қозғалыс – халықтардың отарлық  езгіге қарсы жалпы халықтық күрресі.
3. Ұлт-азаттық қозғалыс – отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.
4. Ұлт-азаттық көтеріліс – ұлт азаттық қозғалыстың бір түрі, ол – көп халық қатысқан қарулы түрі.

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Ендеше,бүгінгі сабағымызда «Тәуелсіздіктің іргетасын қалаушылардың бірі, ірі тарихи тұлға ұлт-азаттық қозғалысты бастаушы»
Батыс Қазақстан обылсы,
Мәңгілік туған жерде атың қалды.
Тұтамыз жанға медеу осы күнді,
Айтқаның ақ қағазға көшірулі.
Біз үнемі еске аламыз Сырым баба,
Ант-етіп өшірмеуге сеніміңді – деп Сырым Датұлы туралы өтеміз.
Бүгінгі сабағымызда Сырым Датұлы көтерілісі, алғышарты, мақсаты, тарихи маңызы туралы зерттеулерімізді жинақтап, журналымызда талдаймыз. Сырым бабамыздың тарихына үңілеміз.

ІV. Жаңа сабақ: «Сырымда әлі сыры бар» дегендей әлі күнге дейін Сырым бабамыз туралы біз естімеген мәселелер өте көп.
Батырлар тек бірыңғай күші көп жуанбілектілерден шықпайды. Батырды халық тумайды, тарих туады, ұлт туады, ұлт туады. Сырым да – көпті көрген көнекөз, ол – жай батыр емес, саясатшы батыр.
1.Журналымыздың 2-бетінде Сырым бабамыздың өмірбаянын талдаймыз. (журналдың 2-бетін ілу)
2 оқушы: Сырым Датұлының өмірбаянын айтып береді.
Сырым 1712 жылы емес, 1742 жылы дүниеге келген.
Сырымның үш ұлы болған:
1.Жүсіп.
2.Қазы.
3.Қамбар.
(Қалған біз талдамаған мәліметтерді келесі сабаққа даярлап келуге үш оқушыға беремін)
2.Журналымыздың келесі бетіне көшеміз, бұл бетте:
1. Көтерілістің алғышарттарын анықтау (оқулықпен жұмыс жүргізу;
Әр оқушы оқулықтан алғышарттарын тауып,дәптерлеріне жазады.
1.Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі.
2. Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдауы.
3. Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы.
4.Орыс помещиктері мен Жайық қазақ әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.
2.Көтерілістің мақсаты, қозғаушы күштері,аумағы:
(журналымыздың келесі беті)
Мақсаты:
1.Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
2.Орал казак әскерлерінің қазақ әскерлерін басып алуын тоқтату.
3.Қозғаушы күштері:
Қарапайым шаруалар, би-старшындар, батырлар.
4. Көтеріліс аумағы:
Еділ-Арал теңізі.
3. «Көтеріліс барысы» (журанлымыздың келесі бетінде)
Бұл жерде барысын анықтау үшін үш топқа тапсырма беремін.

1-топ.
1783 жылы «Күзі».
Орал казак әскерімен кең арпалыс жолына түсуі.
«Желтоқсан».
Сырымды Орал казактары тұтқынға алды.
2-топ.
1784 жылы «Көктемде».
Тұтқыннан босатты.
«Маусым».
Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.
«Қараша».
Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.
3-топ.
Тест сұрақтарын құрастырады (Оқушылар тест сұрақтарын құрастырып, бір-бірлеріне таратып береді. Жауаптарын тексереді).
Патша өкіметінің жазалау шаралары.
1-топ
1785 жылы 17 ақпан
1). Жетекшісі: генерал-майор Смирнов
Әскер саны: 300 казак, 2000 башқұрт
2-топ
1785 жылы 15 наурыз
1) Старшина Колпаков, Пономарев.
Әскер саны: 1250 казак
3-топ
1785 жылы 24 наурыз
1) Премьер майор Назаров
1785 жылы күз айы Старшындар съезі өтеді.Нұралыны хандықтан тайдыру.
1785 жылы күзде қазақ билерінің жиыны өтеді, Нұралы туыстарын хан тағына жолатпау.
1786 жылы Нұралы көктемде Оралға қашып кетті.
1790 жылы қайтыс болды.

V.Алғанбілімін тексеру.
Сырым Датұлы:
1.Дүлей дене; 2.Ақылға бай; 3.Ерік-жігері күшті; 4.Ержүрек; 5.Тапқыр; 6.Айлакер.

VІ. Қорыту:
1) Қазіргі кездегі Сырым: (Журналымыздың келесі беті).
1.Батыс Қазақстанда музей ашылған.
2. Ескерткіш орнатылған.
3. Сырым атындағы ауыл.
4.Конференциялар өтіп отырады (Журналдың соңғы бетінде Сырым Датұлына байланысты суреттер, схемаларды көрсету).
2) Сырым туралы ойлар:
1.Суворов.
2. Бульжер ХІХ ғасырда өмір сүрген ағылшын журналисі «Сырым Датұлы – батыр-жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр,айлалы ерекше тұлға» деп жазды. Ол халықтың сүйспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады.

VІІ. Бағалау. Жұп бойынша.

VІІІ.Үйге: Тест құрастыру. Сырымның қайтыс болуы, көтерілістің жеңілу себебі.

   

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.28 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 171

Похожие материалы