Сөз тіркесі
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Козыбай Жадыра Смагуловна
|
Здесь была ссылка на работу Сөз тіркесі автора Козыбай Жадыра Смагуловна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
ТАҚЫРЫБЫ: Тұрақты сөз тіркесі МАҚСАТЫ: Білімділік: Көп мағыналы сөздер туралы білімдерін кеңейту; Тұрақты сөз тіркестері ұғымын енгізіп, оның мағынасын түсіндіру. Дамытушылық: көп мағыналы сөздерді өз беттерінше салыстыру; қорытынды жасауға үйрету. Оқушылардың дағды- машықтарын, таным белсенділіктерін арттыру. Тәрбиелік: Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу. КӨРНЕКІЛІГІ: суреттер, шырша, ойыншықтар, тапсырмалар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегі кейіпкерлері тб ТҮРІ: ойын түріндегі дәстүрден тыс сабақ ӘДІСІ: әңгімелеу, түсіндіру, толықтыру, болжау, салыстыру,сәйкестендіру САБАҚ БАРЫСЫ. І.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ. (психологиялық дайындық) Кіріспе сөз, тапсырма ілініп тұрады (Ақ…… сөзінен басталатын АБАЙ аталарыңның өлеңінің бір шумағын мәнерлеп, хормен оқып беріңдер) Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Бұл өлеңде не туралы айтылған? (қыс мезгілінің келгендігі туралы айтылған. Денелі ақ сақалды аяз атаның келгендігі айтылады.) Дұрыс қыс мезгілі туралы екен, өлең. Олай болса, қыс мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар? Қыс мезгілінің екі ерекшелігі бар: 1) бірі басқа мезгілдер сияқты қыста да үш ай бар, бірақ қыстың үшінші айы 28 күн, немесе әр төрт жылда 29-ына бітеді. Сол күнде туылған бала төрт жылда бір рет туған күнін өткізеді екен ғой. Екінші ерекшелігі: ескі жылды аяқтап, жаңа жылды бастап береді. Соңғы ерекшелігі айтылғанда қандай тамаша сөз айтылды? (ескі-жаңа сөзі, бұл сөздер өткен тақырыбымыз бойынша мағынасы жағынан бір-біріне қарама қарсы сөздер антонимдер) ІІ.ЖАҢА САБАҚ. А)Олай болса көп мағыналы сөздерді еске түсірейік. (Әр тапсырманы орындай отырып, шыршаны безендіру) *Омоним сөздер деген не? *Синоним сөздер деген не? Ә)*Антоним сөздер деген не? *Тапсырмалар: антоним сөздер ілініп тұр: олардың қарама-қарсы жұптарын жазу. Ақылды- ……………, кең-…………., сұйық-……….. Сөздер жазылған парақшаларды аударып, теріс жағынан ілдіргенде, жаңа тақырып аты шығады. Б)Бүгінгі жаңа тақырып: Тұрақты сөз тіркестері қазақ тілінде фразеология дегtн термин арқылы таныс. Фразеология деген грамматикалық термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім) деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған.Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркесі деген ұғымды білдіреді. Сөздер бірнеше тіркестерден тұрады. Олар тіркесе отырып, бір мағына береді.Мысалы: бет моншағы үзіліп-ұялып. Итарқасы қиянда-алыста, қашық, алыс жер мағынасын білдіреді. В)оқулықпен жұмыс. 26-жаттығу (ауызша) Көз-адамның, жан-жануардың көру мүшесі. Көз ұшында ағараңдаған біреу көрінеді. (қарамен жазылған сөздерді салыстыру, көз-дене мүшесі, екінші сөйлемде көз ұшында-ол көз емес, алыста деген мағына беріпті. Мұндай сөздер тобы үнемі бірге тұрады. Бір мағына беріп тұр.Мұндай сөздер сөзімізді бейнелі, мәнерлі етеді ) Г) СЕРГІТУ СӘТІ. Қарға, қарға, қарғалар Қар үстінде жорғалар. Боран соқса бүрсиіп Бұтаға келіп қорғалар. Ғ)* (дәптерге)ЖҰППЕН ЖҰМЫС адасты,тыңдамады, аяды Көз жазып қалды- Жаны ашыды- Құлақ қойған жоқ - Көзді ашып жұмғанша-лезде, тез Д) ӨЗДІК ЖҰМЫС 28-жаттығу (жұмбақты дәптерге жазып, шешуін табады) Түс кезінде қысқарса, Кешке қарай сорайған. Күннің көзін бұлт шалса, Қас қаққанша жоғалған. (көлеңке) * С/Ж …Қас қаққанша- тез, жылдам, лезде Е) ЖЕКЕ ЖҰМЫС Сөйлем құрау Күн, қар Ж) ролге бөліп оқып, мәтінге ат қою. Қарамен жазылған сөздің мағынасын ашу Автор, шеге, кемпірауыз Шеге, балға, кемпірауыз-бұлар еңбек құралдары *Төбе шашым тік тұрады-қорқамын З)СЕРГІТУ СӘТІ: Бас бармақ бастық екен, Сұқ саусақ сақтық екен. Ортан қол ойшыл екен. Аты жоқ саусақ тойшыл екен. Ал шынашақ еңбекшіл екен. Саусақтарды бүгеміз, бүреміз Бүгіп, бүріп саусақты Сергіп қалдық, міне, біз ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.(бағалау) ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 30-жаттығу -119бет (сөздерді қа тыстырып, сөйлем құрау)
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
32.5 Kb
|
Количество скачиваний:
|
11
|
Просмотров: 201
Похожие материалы