Здесь была ссылка на работу Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері автора Коптилеу Гулмира Сыдыккызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері Мақсаты: Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері жайлы мағлұмат беру. Бақылаудың түрлерін таныстыру,тәжірибенің адамның тіршілігі үшін өте құнды екенін түсіндіру. Ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойын анық жеткізе білу дағдысын дамыту. Табиғатқа жанашыр болуға, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: -Біз қандай тарауды аяқтадық? -Алғашқы адам жайлы ,оның дамуы жайлы не білдік? -Мәдени –тарихи құрылыстар ,оларды қорғауды қалай түсінесіңдер? -Әлемнің жеті кереметі туралы не білдіңдер?(жинаған материалдарын пайдалану) Дәптерлерін аралап ,оқытып тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ Д.М.1. Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау «Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері» Д.М.2. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе: Табиғат деп нені айтамыз? Ойланып еске түсіреміз. 3 класта өткенді қайталайық. Табиғатты зерттеуде қандай басты әдісті қолданамыз? Өлі ,тірі денелерді бақылаудың қандай ерекшеліктері бар еді?Табиғатты зерттеуде қандай шамалар мен өлшем бірліктер қолданылады? Оқулық бойынша балаларға түсіндіру.