Тахауи Ахтанов "Боран"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Ергалиева Жанна Амангалиевна
|
Ашық сабақ. Тахауи Ахтанов "Боран" романы. 11-сынып.
Тахауи Ахтановтың "Боран" романы 11-сыныпқа арналған дәстүрлі емес аралас сабақ түрінде өтті. Сабақтың мақсаты Т.Ахтанов өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, "Боран" романының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау болды. Сабақта сұрақ-жауап, топтық таныстырылым, мәтінмен жұмыс жүргізілді. Интернет материалдары, интерактивті тақта, бағалау парақтары қолданылды. Хронологиялық кесте пайдаланылды. Топтастыру бөлімінде оқушылар Тахауи Ахтановтың кім екендігін айтып өтті. Ой шақыру бөлімінде "Боран" деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді деген сұрақ жауапты жеке, топта, біреуі қорғау арқылы жазды. Рөлдегі оқушылар мәтіннің мазмұнын баяндады, мәтінді өмірмен ұштастырды. Автор орындығы бөлімінде оқушы автор рөлінде сұрақтарға жауап беріп, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды оқушылардың өздері бағалады. Сабақ сәтті өтті.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 46 Kb |
Количество скачиваний: | 142 |