Здесь была ссылка на работу Тапқыр достар сайысы автора Тыныштыкова Минуара Темирбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
«Тапқыр достар» сайысы Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер! Қайырлы күн, бүгінгі сайыстың құрметті қонақтары! Бүгінгі 6 сыныптар арасында «Тапқыр достар» атты географиялық сайысқа қош келдіңіздер! География – қоршаған ортаны танып білу. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы география саласы бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз. Біреу озса сайыста, біреу артта қалады. Ренжіспей тараса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау. Ендеше, ортамызға география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық. 6 «А» сыныбы 6 «Ә» сыныбы 6 «Б» сыныбы 6 «В» сыныбы 6 «Г» сыныбы Сайыскерлер сіздерге тек сәттілік тілей отырып ойынның шарттарымен таныстырайын: І кезең – «Өзін-өзі таныстыру» ІІ кезең – «Жұмбақтар шешу» сайысы ІІІ кезең – Ойлан тап (сайыскерлерге бір сөз беріледі, сол сөзден әр түрлі сөздер шығару) ІV кезең – Географиялық диктант V кезең – Почта ойыны VІ кезең – Мені түсін VІІ кезең – Ең, ең, ең ... VІІІ кезең – Бәйге Алғашқы 4 кезеңнен кейін ұпай саны аз топтармен қош айтысамыз. 5-6 кезеңдерден кейін тағы да бір топты ойыннан шығарып саламыз, 7-8 кезеңде қалған екі топ бақ сынайды. Бүгінгі ойынды бағалайтын және сын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: