Тарих пәні. Абылай хандығы. 8 сынып

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Атырау қаласы,Амангелді орта мектебінің тарих пәні мұғалімі:

 Сагиндыкова Зауре Кенжегалиевна

8 сынып

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы

Мақсаты:

1)    Оқушыларға халқымыздың жауапкерлік, ерлік дәстүрін таныстыратын, оқиға мәнін түсіндіру. Абылай туралы түсінік беру, мәтінді сан тұрғысынан ойланту арқылы меңгерту.

2)    Бүгінгі ұрпақты қазақтың жауынгерлік мектебінің тарихымен таныстыра отырып, «елім» деп өткен батырдың ерлігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп патриоттық тәрбие беру.

3)    Кез-келген қиыншылықпен күресу, жол табу, сын тұрғысынан ойлау арқылы өткенді бүгінімен байланыстыра дамыту.

Оқыту әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, пікірлесу

Көрнекілігі: «XVIII ғасырдағы Қазақстан» картасы, тақта, схемалар, суреттер.

Сабақтың жүрісі:

1)    Ұйымдастыру

2)    Жаңа сабақты түсіндіру

3)    Пысықтау сұрағы

4)    Үй тапсырмасын сұрау

5)    Қорытындылау

6)    Оқушыларды бағалау

7)    Үйге тапсырма беру

Сабақ жоспары:

1)    Абылай – қолбасшы, саяси қайраткер

2)    Абылайдың кезіндегі қазақ хандығы

3)    Ресеймен, Қытаймен қарым-қатынас

Сын тұрғысынан ойлаудың І – стратегиясы

 

Миға шабуыл

 

( Мына суретте кім бейнеленген және ол туралы не білесіңдер?)

Сын тұрғысынан ойлаудың  ІІ - стратегиясы

 

БҮҮ

 

1)    Оқиға туралы оқушы білетінін жазады

2)     Мұғалім жоспар бойынша жаңа сабақты баяндайды

3)    Мұғалім оқушы сұрағына келесі сабақта дайндалып келіп жауап береді

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

Хан, қоғам қайраткері. Шын аты Әбілмәнсир. Жалған аты «Сабалақ». Жоңғарларға қарсы күресте қолбасшы.

1711 ж. Абылай дүниеге келді.

1730 ж. Жоңғарларға қарсы шайқасқа түсті.

1740 ж. Орта жүз Ресей империясының билігін мойындады.

1742-1743 жж. Жоңғар тұтқынында болды.

1753 ж. Жоңғар еліне шабуыл жасады.

1771 ж. Абылай хан болып сайланды.

1781 ж. Абылай қайтыс болды.

(оқушылар үйренгісі келетін сұрақтарын мұғалімге қояды)

Сын тұрғысынан ойлаудың  ІІІ – стратегиясы

 

 

    Венн диаграммасы

 

(Қабысып жатқан үш дөңгелекті толтыру)

 

Әбілхайыр Кіші жүз ханы қазақ жасақтарының қолбасшысы бас сардар

 

 Абылай орта жүз ханы. Мемлекеттік қайраткер. Батыл қолбасшы, күйші дарынды мәмлегер

Қазақ, батыр, хан, шебер ұйымдастырушы, қаһарман, күрескер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сын тұрғысынан ойлаудың IV стратегиясы

 

 

      Тарихи диктант

 

 

1)    Абылайды жырлаған жырау

2)    Абылайдың жалған аты

3)    Баян батырға арналған күйі

4)    Абылай тарихын зерттеуші ғалым

5)    Абылайдың шын аты

6)    Қай жылы хан болды

7)    Абылай ханның күшейген жылы

8)    Абылай денесі қайда жерленген

9)    Абылай есімімен аталатын орындарды ата

Үйге тапсырма  §4 Абылайға сипатама беру. Жаңа сабақты сұрау сұрақтары

1)     қандай жағдайлар Абылайдың белгілі қайраткер ретінде қалыптасушы әсер етеді

2)    Абылай қазақ дербес мемлекетін құруда қандай қиындықтарға кездесті

3)    Абылау мемлекетінің ішкі дамуына қандай сипаттама беруге болады?

Абылай шығарған күйлері: «Ақ толқын», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Майда», «Сары бура», «Қайран елім».

«Шаңды жорық» күйі жақсы көретін ер жүрек батыр Баян батырдың ерлігін және шайқаста қаза болғаны бейнеленген.

Сонымен Абылай хан – Қайратты қаһарман, батыл қолбасшы, шебер ұйымдастырушы, дарынды мәмлігер, дипломат, ақылды да айлалы, өз елін,туған халқын жан - тәнімен сүйген, өте қабілетті мемлекетті дәрежедегі ірі қайраткер болған.

Бұқар жырау: Абылайдың хандық билігін былайша қортындылайды

Хан Абылай атандың

Дүниеден шықпай еліңіз

Алтын тақтын үстінде

Үш жүздің басын құрадық

Жетім менен жесірге

Ешбір жаман қылмадық

Әділдікпен жүрдіңіз

Абылай 1771 ж хан болғаннан кейін бүкіл 3 жүздің басын қосып, біріккен күшті қазақ хандығын құруды мақсат етті.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.6 Kb
Количество скачиваний: 75
Просмотров: 197

Похожие материалы