Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білім беру жүйесінің басты міндеті - жеке адамды қалыптастыру, дамыту және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Оқушыларда адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. Оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы, ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына, шеберлігіне байланысты. Әр мұғалімнің өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Қандай әдіс-тәсілдер болса да, оқушыны ойлантуға жетелеумен бірге, оны ортаға салуға, басқалармен пікірталастыруға жетелеуі тиіс. Сондықтан білім беруді жетілдіру жөнінде маңызды реформалар, жаңа технологиялар мен ғажап идеялар пайда болуда. Бұл ең алдымен, оқыту технологиясын жетілдіруді, білім беру мекемелерінің қызметін ақпараттандыруды, біілім алушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін арттыруды, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, оқушылардың басты назарын қоғам тарихына, халық тарихына, адамдардың өмір тіршлігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, сол арқылы жастардың адамшылықты өмірлік мұрат ретінде қабылдауына көмектесу, оқушылардың өздігінен оқу дағдысын жетілдіруді көздеп отыр. Осы мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қазіргі педагогиканың соңғы жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс жасау арқылы, білім сапасын жақсарту көзделіп отыр.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 64.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 140

Похожие материалы