Тарихы мен тағылымы мол білім ордасы

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Адамзат ұрпағын тәрбиелеу – адамның ең басты борышы деп ұққан талай тәлімгер ұстаз осы ұядан қанаттанып ұшқаны бұл күнде бүкіл аймаққа мәлім. Қазіргі заманда да ауыл, қала мектептерінің алғаш әліппесін ашқызатындар, әр сәбиге алғаш білім баспалдағын бастыратындар - осы колледж түлектері.

Колледж - бүгінгі таңда жаңа заман талабына сай жыл сайын ғылыми-әдістемелік ізденістерімен есейіп өсіп келе жатырған оқу орны. Оның түлектері он төрт мамандық бойынша негізгі мектептердің 5-9 кластарына да сабақ беруде.

Колледж ұжымы 100-жылдық мерейтой қарсаңында «Біздің кәсіби шыңдалуымыздағы колледждің ролі» атты әр жылғы колледж түлектерімен кездесу- дөңгелек үстел, мамандықтар презентациясы, «Ең үздік кафедра» байқауы, арнайы пәндерден олимпиадалар, спорт олимпиадасын өткізу жоспарланды. Оқу топтарында Ж.Досмұхамедовтың өмірі мен қызметі туралы «Тағылымы мол тарихи тұлға» сыныптан тыс ашық шаралар, студенттердің әр жылғы түлектермен кездесу шаралары, «Мен және менің колледжімнің тарихы» тақырыбындағы студенттік конференция ұйымдастырылды. Оқытушыларға арналған шеберлік сабақтары, «Ең үздік әдістемелік құрал», «Ең үздік дипломдық жоба, «Ең үздік курстық жұмыс» байқаулары, электрондық оқыту бағдарламаларының презентациясы өткізілді. 

100-жылдық мерейтойдың бірінші күні республикалық «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу» атты ғылыми-практикалық конференцияның ашылуымен басталды, ашық микрофон «Колледж түлектері сөйлейді...» бағытында түрлі мамандықтар бойынша елеулі тәжрибелерімен ерекшелінген түлектер панорамалық сабақтар көрсетті. Күннің екінші бөлігінде, колледждің 100-жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілді.

Екінші күні түске дейін Ж.Досмұхамедов ескерткішіне гүл шоқтарын қою, 5 түрлі тақырыппен секциялар отырысы ұйымдастырылды. Түстен кейін Панелдік дискуссия. «Білім берудегі инновациялар» шеберлік-кластары:1-зал. «Қазіргі инновациялық технологиялар - болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру негізі». 2-зал. «Көптілділік - колледж жағдайында мұғалімдерді дайындаудың негізгі құралы». 3-зал. «Жеке тұлғаны қалыптастыру моделі – ХХI ғасыр көшбасшысының рухани құндылықтарының негізі» т.б. мерекелік шаралар өткізілді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 146.69 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 95

Похожие материалы