Тақырыбы: Ақ боран 4-сынып Ана тілі

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Ақ боран. Жекен Жұмаханов. Мақсаты: Оқушыны Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» атты әңгімесімен таныстырып, түсініп оқуға, мәтінге сүйене отырып табиғат апатының әсері жайлы әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. «Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады» деген ұғыммен Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» атты әңгімесімен танысқанда білеміз. ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Балалар, қыста қандай өзгерістер болады? Сенің есіңде қалған оқиға жайлы айта аласың ба? Міне, бүгін Қасымның басынан өткен қаһарлы суық күннің ызғырығы жайлы білеміз. Оқулықпен жұмыс. Іштей, түсініп тізбектей оқу. Жазушының боранды адам кейпінде суреттеген жерін (кейіптеуді) тауып оқы. Сөздік жұмыс. Ышқынады – мұнда: қатты соғады. Екілене – желдің екпіндей соғуы. Бүлкек – аттың желіп жүруі. ІҮ.Түсінгендерін тексеру: 1.Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген? Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті? Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не істеді? Қасымның аты қандай белгі берді? 2. Дәптермен жұмыс. Қасымның жолда келе жатқан кездегі ішкі ойын мәтіннін тауып жаз. «Ферма орталығы қарасын көрсетіп қалса керек еді. Бұл қалай,ыққа қарай ойыстап, өзге жаққа кетпедім бе, боранның ырқына көне берсек, ат та мен де үситін болармыз ...». Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма? Оны мына кесте бойынша дәлелдеп айтып бер. Қасым Дәлел 1.Үлкеннің сөзін тыңдайтыны 2. Байқағыштығы 3. Шыдамдылығы 1.«Үсік аяқтан басталады» деуші еді үлкендер. 2. ат тұмсығын қар астында қалған бір мая пішенге тірепті... 3. Алдан соққан боранды елемей, Қасым жиренге қамшы басты ... Ү. Қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы өттік? Осы әңгімені оқығанда өздерің қандай әсер алдыңдар? ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 33.51 Kb
Количество скачиваний: 101
Просмотров: 417

Похожие материалы