"Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата - аналарымен жұмыс жасаудың жоспары және олардың жанұяларына әлеуметтік - психологиялық қолдау көрсету

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ата-аналарды оқыту баланы тәрбиелеуге байланысты білімдер мен дағдылар туралы ақпараттарды тарату мақсатындағы жүйелі және мақсатты жұмыс ретінде қарастырылады. Ата-аналарды оқытудың екі негізгі міндеті анықталады: 1) бала тәрбиесіне қажетті, педагогикалық білімдерді жинақтау, 2) өзін-өзі тәрбиелеу, ол өз алдына ата-аналарға өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға көмектеседі, балаға деген сенімділік пен дұрыс ұстанымды қалыптастырады .

Ақауы бар балалардың ата-наларымен жұмыс істеудің түрлі бағдарламалары жасалған. Бірінде – барлық күш бала мінез-құлқын түзетуге бағытталса, басқалары – оның ақыл ойының дамуына арналған. Ата ана тәрбиесінің жалпы бағдарламаларына тән нәрсе, балалардың әртүрлі міндеттерді шешу кезінде, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда, әртүрлі жағдайларда мінез-құлықтың түрлерін таңдағанда оның дербестігін кеңейтуге ұмтылу болып табылады.

Әр түрлі арнайы бағдарламалар баланың тілін дамытуға, оның танымдық және әлеуметтік дағдыларын, қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстай білуін, яғни баланың тұлғасын дамытуға, әлеуметтік біліктілік пен мінез-құлқын бейімдеуге бағытталған.

Ата-анаға көмек бағдарламалары өзінің ерекше бағасын ақыл-ойында кемістігі бар балалардың отбасымен жұмыс істеген кезде алады. Осындай бағдарламалардың мақсаты мына төмендегілер болып табылады:

* ата-анаға жоғары дәрежедегі психологиялық көмек көрсету;

* ата-анаға баласын тәрбиелеу мен оқытуда белсенді әрекет жасау үшін керекті жағдайлар туғызу;

* баланың дамуына қолайлы отбасылық жағдайлар жасау мақсатында жақын туыстарына көмек көрсету;

* ересектер мен олардың балалары арасында дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру.

 

Бұл берілген мақалада ата - аналармен жұмыс жасаудың формалары мен әдістері көрсетілген.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.8 Kb
Количество скачиваний: 540
Просмотров: 835

Похожие материалы