Тақырыбы: «Арнайы пәндерді оқытудағы модульдік технологияның орны»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Баяндаманың міндеттері:

— Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;

— Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;

— Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру;

— Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;

— Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы

Арнайы пәндерді оқытудағы модульдік технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.

Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.Арнайы пәндерде модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

 

Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Арнайы пәндерде модульдік   оқыту   технологиясы  жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 67 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 121

Похожие материалы