Тақырыбы: Үгілу (4-сынып) Дүниетану

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Үгілу Мақсаты: Үгілу туралы ақпарат беру. Үгілудің неден пайда болатынын ұғындыру. Ой-өрісін кеңейту, әңгімелеп ойын толық жеткізуге дағдыландыру. Қоршаған ортаны әрқашан қорғай білуге ,табиғат жанашыры болуға тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі:Суреттер, үлестірмелер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлігін тексеру,назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Оқушыларға мазмұндату. -Сонымен, тау деген не? - Төбе мен қыратты таудан қалай айыруға болады? -Биік таулардың аласа таулардан айырмашылығы неде? -Тауды қандай шаруашылыққа пайдаланады? -Таулы аймақтарда көктемде қандай қолайсыз жағдайлар тууы мүмкін? Біздің еліміздің физикалық картасы бойынша ел аумағында құрлық бетінің қандай түрі басым екенін көрсетіп, айтып беру.(оқушылар өздері) ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Үгілу. І V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе. Үгілу деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?(өздеріне білгенін айтқызу) Оқулық бойынша жаңа сабаққа мұғалімнің түсіндірмесі. Суық шыны ыдысқа ыстық су құйғанда ол сынып кетеді.Себебі оның көлемі суынғанда кішірейіп, қызғанда кенет үлкейеді. Осы сияқты тау жыныстары да суынғанда көлемі кішірейіп,жылынғанда ұлғаяды. Ауа температурасы тәулік ішінде ауытқып тұрады. Тау жыныстары да күндіз қызып, түнде салқындайды.Мұндай өзгеріс тәулік ішінде ғана емес,жыл мезгілдерінде де жүріп жатады.Температураның тәулік және жыл ішіндегі өзгерістерінің әсерінен қатты тау жыныстарының көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейеді.Соның әсерінен оларға жарықшақтар пайда болады.Сол жарықшақтарға су толып, күзде,көктемде түнге қарай қатады. Мұзға айналғанда су көлемі ұлғаяды. Тау жыныстарындағы жарықшақтар осылай үлкейіп кетеді. Өсімдіктер де тау жыныстарының бұзылуына әсер етеді. Тас бетінде қына өскенін көргенсіңдер,жел осы қына тұқымын айдап жарықшақтарға тығады. Ол өзіне қажет қоректік заттарды тастан ылғалмен бірге сорып алады.Нәтижесінде тастағы жарықшақ кеңи түседі. Енді ол жерге майда қоқымдар толады. Сол араға шөп,бұта, бара-бара ағаш ұрығының өсуіне жағдай туады. Ағаш тамыры жыл сайын үлкейіп,жарықшаққа тереңдей ді, жуандайды.Жылдар өткен сайын тау жыныстары бірте-бірте бұзыла береді. Қатты тау жыныстарының бөлшектеніп,ұсақталуын ү г і л у деп атайды. Сарамандық жұмыс. Оқулықта берілген сарамандық жұмысты орындау. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту. Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу. Үгілудің анықтамасын жазып алу. Ү. Қорыту. -Қатты тау жыныстары қандай күштердің әсерінен бұзылады? - Үгілу деген не болды? -Үгілген тау жыныстарын көргендерің бар ма? -Тау жыныстарының бұзылуына желдің әсері бар ма? VI.Үйге тапсырма беру кезеңі:34,35-. Беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге 35-беттегі кестені орындау. Бағалау.  Мақсаты: Үгілу туралы ақпарат беру. Үгілудің неден пайда болатынын ұғындыру. Ой-өрісін кеңейту, әңгімелеп ойын толық жеткізуге дағдыландыру. Қоршаған ортаны әрқашан қорғай білуге ,табиғат жанашыры болуға тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі:Суреттер, үлестірмелер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлігін тексеру,назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Оқушыларға мазмұндату. -Сонымен, тау деген не? - Төбе мен қыратты таудан қалай айыруға болады? -Биік таулардың аласа таулардан айырмашылығы неде? -Тауды қандай шаруашылыққа пайдаланады? -Таулы аймақтарда көктемде қандай қолайсыз жағдайлар тууы мүмкін? Біздің еліміздің физикалық картасы бойынша ел аумағында құрлық бетінің қандай түрі басым екенін көрсетіп, айтып беру.(оқушылар өздері) ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Үгілу. І V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе. Үгілу деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?(өздеріне білгенін айтқызу) Оқулық бойынша жаңа сабаққа мұғалімнің түсіндірмесі. Суық шыны ыдысқа ыстық су құйғанда ол сынып кетеді.Себебі оның көлемі суынғанда кішірейіп, қызғанда кенет үлкейеді. Осы сияқты тау жыныстары да суынғанда көлемі кішірейіп,жылынғанда ұлғаяды. Ауа температурасы тәулік ішінде ауытқып тұрады. Тау жыныстары да күндіз қызып, түнде салқындайды.Мұндай өзгеріс тәулік ішінде ғана емес,жыл мезгілдерінде де жүріп жатады.Температураның тәулік және жыл ішіндегі өзгерістерінің әсерінен қатты тау жыныстарының көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейеді.Соның әсерінен оларға жарықшақтар пайда болады.Сол жарықшақтарға су толып, күзде,көктемде түнге қарай қатады. Мұзға айналғанда су көлемі ұлғаяды. Тау жыныстарындағы жарықшақтар осылай үлкейіп кетеді. Өсімдіктер де тау жыныстарының бұзылуына әсер етеді. Тас бетінде қына өскенін көргенсіңдер,жел осы қына тұқымын айдап жарықшақтарға тығады. Ол өзіне қажет қоректік заттарды тастан ылғалмен бірге сорып алады.Нәтижесінде тастағы жарықшақ кеңи түседі. Енді ол жерге майда қоқымдар толады. Сол араға шөп,бұта, бара-бара ағаш ұрығының өсуіне жағдай туады. Ағаш тамыры жыл сайын үлкейіп,жарықшаққа тереңдей ді, жуандайды.Жылдар өткен сайын тау жыныстары бірте-бірте бұзыла береді. Қатты тау жыныстарының бөлшектеніп,ұсақталуын ү г і л у деп атайды. Сарамандық жұмыс. Оқулықта берілген сарамандық жұмысты орындау. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту. Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу. Үгілудің анықтамасын жазып алу. Ү. Қорыту. -Қатты тау жыныстары қандай күштердің әсерінен бұзылады? - Үгілу деген не болды? -Үгілген тау жыныстарын көргендерің бар ма? -Тау жыныстарының бұзылуына желдің әсері бар ма? VI.Үйге тапсырма беру кезеңі:34,35-. Беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге 35-беттегі кестені орындау. Бағалау. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 61.5 Kb
Количество скачиваний: 35
Просмотров: 183

Похожие материалы