Тақырыбы: «Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия»

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс  құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы»  қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін  «геноцид саясаты»  осылай басталды.

1.Қазақстандағы екінші репрессия  1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы  Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі  үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді. Соның ішінде деп слайд арқылы  сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз.

Мұғалім Ә.Бөкейхановтың өмірі мен қызметін сатылай кешенді талдау арқылы көрсетеді:

Есімі.Тегі: Ә.Н.Бөкейханов

Өмір сүрген кезеңі:1866-1937 ж

Туған жері: Жезқазған облысы, Қарқаралы уезі,Тоқырауын болысы

Әкесі-Нұрмұхамед

Анасы-Бегім ханым

Білім алған жері:

1) Омбы техникалық училищесі

2) Санкт-Петербург орман шаруашылығы

Ғылыми дәрежесі: экономист,әдебиеттанушы, тарихшы, этнограф.

Қоғамдық саяси қызметі:1) Ресей Мемлекеттің Думасының депутаты

2) «Алаш» партиясының төрағасы

3) «Алаш Орда» ұлттық автономиясының төрағасы

Жазған еңбектері: «Қазақ», «Сарыарқа», т.б. («Степной Край», « Голос степи», «Иртыш»т.б басылымдарда жарық көрген)

Алдына қойған мақсаты: Қазақтың ұлттық автономиялық мемлекетін құру қазақ елін өркениет төріне шығару.

Өмірінің соңы: 1937 ж 27.09. ату жазасына кесілді.

Ұрпақтары: қызы Елизавета, немересі Ескендір, күйеу баласы С.Садуақасов, ұлы Сергей

 

Есімі:Ахмет

Әкесі: Байтұрсын Шошақұлы

Анасы: Күңші Құлыбекқызы

Жұбайы:Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Балалары:Аумат, Қазихан, Шолпан

Қызметі:ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері

Туған күні: 5 қыркүйек 1872

Туған жері: Ақкөл (Сарытүбек) ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысы

Азаматтығы:Қазақ елі

Ұлты:Қазақ

Қайтыс болған күні:            8 желтоқсан 1937 (65 жас)

Қайтыс болған жері:            Алматы

Марапаттары:Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы

 

Тұрар Рысқұлұлы

Туған күні:26 желтоқсан 1894

Туған жері:Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы

Қайтыс болған күні:10 ақпан 1938 (43 жас)

Қайтыс болған жері:Мәскеу

Жұбайы:Әзиза Есенқұл Түбекқызы

 

Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.

Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.

Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

 

2. Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында  КСРО Халық Комиссарлары  Комитеті  «Қазақстанда еңбекпен түзеу  лагерьін  құру туралы»  қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында  Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады.  Видеоролик арқылы  түсіндіру.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 129.5 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 158

Похожие материалы