Тақырыбы: "Қыс қызықтары " әдебиеттік оқу пәні
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Қалжанова Айсұлу Садыққызы
|
Сабақтың тақырыбы: Қыс қызықтары Оразақын Асқар
Білім: қыс келгенін сезіндіру,қысқы өмірді бейнеле,қыс қызықтарын бейнелеп жеткізе білуге баулу.
Тәрбие:табиғат әсемдігін суреттеп қағазға түсіру,табиғатты қорғау.
Дамыту:жұмбақ шешу,өлеңді мазмұндау,әр шумағына сай суретпен бейнелеу арқылы ойлау,тілдік қорын дамыту.
.Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі; сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, қыс табиғаты
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Кіріспе бөлім;
Қыс суреті көрсетіледі. .
3.Жаңа сабақ
-. Қазір жыл мезгілі қандай?.
Аппақ, аппақ қар аппақ,
Қар жамылған жер аппақ.
Қырау - қырау тау аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Ал енді балалар сендерге қыс мезгілі ұнайды екен.
Мен сендерге өлең оқимын ал сендер жауабын айтасыңдар. Тыңдаңдар.
Аяз қысып өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтындаршы балалар бұл қай кезде болады? (Қыста)
Дұрыс балалар, сендерге қыс мезгілі ұнай ма? Несімен? Қандай ойындар ойнайсыңдар? Қыс мезгілінде неше ай бар? Желтоқсан айында қандай мерекелер бар? .
Жазда тынығады
Қыста шынығады (шана)
Қыста да жазда да, бір түсті болады. (шырша)
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолын тонады. (қар)
(жұмбақты талдау, бағалау)
Ал енді балалар бздің тақырыбымызға байланысты сөзжұмбақ шешеміз.
1. Қыста ғана болады
Ұстасан қолын тонады(қар):
2. Жаңа жыл көркі (шырша)
3. Қыста ауа райы қандай болады?(салқын)
4. Қысты күні қолға киеді(қолғап)
5. Аяз ата дорбасындағы зат(сыйлық)
6 Отқа жанбас, суға батпас (мұз)
7. Жыл басы, (тышқан)
8. Ақ қарда тек тұрмадым
Қос тақтаймен зырладым (шаңғы)
9. Қыстың орманның көркі (қырау)
Жақсы балалар, тапсырманы сендер орындадыңдар
а/өлеңді мәнерлеп оқу.ә/-Өлеңнен ақынның нағыз қысқы өмірді бейнелеу шеберлігін қалай дәлелдер едің?
-Қар адамыныңнеге күлгенін ойша қиялдап айтыпбер.Өлеңде оқиға бар болса, мазмұнын әңгімеле.
Дәптермен жұмыс.1.Өлеңнің әр шумағына құрастырылған жоспардың:
а/ретін;ә/жанына өз нұсқасын жаз.
Көңілді қар адамы
Көбелек қар
Шана жарыс
Ғажайып түнгі қыс
. Мен ризамын. Ал енді ортаға әр қатардан бір бала ортаға шығады.
1. Тапсырма «Қоянды келтіру»
2. Тапсырма «Аюды келтіру»
3. Тапсырма «Түлкіні келтіру»
Мына шыққан балалар мимикамен келтіреді, ал сендер оның суретін саласыңдар.
Ал енді тақтаға назар аударамыз. Тақтада 7 аптаның суреттері бар. Бірақ олардың орындары ауысқан. Сендердің тапсырмаларын оларды рет - ретімен қою. (марапаттау)
Екінші тапсырма «Топтастыру» «Дала жануарлары» «Үй жануарлары»
Сабақтың қорытындысы:
Ал сендерге сабақ ұнаса, сендер мына суретке өз көңіл - күйлерінді түсіріңдер.
Сабақты бағалау: марапаттау (екі сөз арқылы тілектерін жазу)
(өлең оқу арқылы сабақты аяқтау)
Қане барлығымыз көздерімізді жұмамыз.
Дала аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тымбастан
Қалын орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
(Қыстың әуені)бағалау Үйге:қыс қызықтарымазмұндау бағалау
.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.81 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |