Тақырыбы:«Ата – ана мен тәрбиешінің ынтымақтастығы»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Ата-ана мен тәрбиеші ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиеленудегі – баршаның ісі. Отбасының да, тәрбиешінің де мақсаты – мүдесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы – ұя отбасы, ата-ана қышағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі ; көретіні анасынын аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата –анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да сол өнеге –өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз. «Баланы жастан » деген халық даналығына сүйенсек , тәрбиенің бесіктен басталатыны әркімге аян. Сәбиінің өнерлі,талантты еңбек сүйгіш болып өсуін мақсат еткен ата-ана бесік жырының , негізгі арқауын да ой өнеріне, қол еңбегіне арнағанын мына бір үзік ойдан анғару қиын емес.                              « Таңдайларын тақылдап,                                 Сөйлегенде сөз бермей,                                 Шешен болар ма екенсің                                  Бармақтарың майысып ,                                  Түрлі ою ойысып                                   Шебер болар ма екенсің? » ... Баланы, мақтап көтермелеп, бағыт беріп отыру, оның интеллектуалдық ой-өрісін дамытып ойлағаның еркін-батыл жеткізуге мүмкіндік береді. Ата-ана мен арадағы мейірбандылық нығайып, баланың жеке басының шығармашылық деңгейі артады. Ата-ананың аузынан шыққан сөз бала үшін өмір, тіпті заң болып та есептеледі. Бала өте сезімтал байқағыш , оларға еріңбей дұрыс жауап беру, түсіндіру, тура жолға бағыштау, ой – өрісің ұштау, ата-ана мен тәрбиешінің парызы. Оқу орнында ата-ана мен тәрбиеші айтылғын , көрсетілген нәрсеге баланың ықылас зейін қойып тыңдауына ерекше зер салғаны жөн. Отбасы, тәрбиеші үнемі өнегелі, ұлағатты сөздер айтып, өзін әдепті ұстап , ізеттілік жасауды түсіндіріп отырған жөн. Сәбиге ерте бастан сәлемдесу, қоштасу, үлкенге «сіз» деп сөйлеу, қарсы жолыққан кісіге жол беру, үлкенге орындық ұсыну, қателегі үшін кешірім сұрау, рұқсатсыз біреудін затын алмау, өзінен кішіге қамқорлық көрсету сияқты әдептілік қағидаларын үнемі есіне салып түсіндіріп санасына себезгілеп сіңіріп отырса, баланың ақыл-ойының, мінез қалпының өнегелі жаққа ойыса беруіне ықпалы нәтижелі болмақ. Ой қозғау. Ата-ана деген кім? Анар: Ата-ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадыры ерекше әспеттелген. Әсіресе тіршіліктін қайнар көзі, махаббаттын шуақ күні , мейірімнің кәусар бұлағы АНА есіміне қатыссыз дүниеде ештене жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халыққта жоқ.    Әр адам көзің ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол –ана. Қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – ана. Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара дана тұлға. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуің, шаңырағының қыламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдін солмауын тілейді.    Үйдегі алтын қазық-ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана-ақылшын, әке-қамқоршын. Ананы сыйламағанның ақылы кем , әкені сыйламағанның жақыны кем.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.68 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 155

Похожие материалы