Тақырыбы:"Кім тапқыр, кім білгір" 6 класс
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Назипа Губайдуллина Нуртаевна
|
Тақырыбы: Кім тапқыр? Кім білгір?
( мастер класс )
6-класс
Мақсаты:
І - кезең: Топтастыру.
ІІ – кезең: кім тапқыр? - деп аталады. «Музыка және география» бөлімі
ІІІ – кезең: кім жылдам? – деп аталады. «Музыка және бейнелеу» бөлімі
ІҮ – кезең: кім ұшқыр? – деп аталады «Музыка және қазақ тілі» бөлімі.
Ү – кезең: кім күшті? – деп аталады. «Музыка және әдебиет» бөлімі
ҮІ – кезең: кім мықты? – деп аталады. «Музыка және тарих» бөлімі.
ҮІІ – кезең: кім білгір? – деп аталады. «Музыка және математика» бөлімі
І - кезең: Топтастыру. Қатысушылар ортаға шығып дөңгеленіп тұрады.
Өнер адамы болу үшін адамға не керек, не істеу керек, қандай қасиеттері болу керек? Өнерлі, білімді, еңбекқор, талантты, дарынды.
Осының ішіндегі өнерлі, білімді деген екі сөзді алып оқушылар кезек – кезек айтып шығады. Өнерлі дегендер бір топқа, білімді дегендер бір топқа шығады. Сонымен қатысушылар «өнерлі», және «білімді» болып екі топқа бөлінді.
ІІ – кезең: кім тапқыр?- деп аталады. «Музыка және география» бөлімі
Табиғатқа арналған әндер? Екі топ табиғат туралы әндерін бар білгендерін айтады. Әр бір жауап яғни әр табылған ән 1 ұпай болып саналады. Орындаушыларын немесе авторларын қоса айтса тағы бір ұпай қосылады. ( Ұпай нотасын үлестіруші ЖӨӨБҰ ұланбасы: Жәнібекова Дана Әлібекқызы)
Жауаптары:
Табиғатым махаббатым – Ұлықпан Жолдасов.
Желсіз түнде жарық ай – Абай Құнанбаев.
Қараңғы түнде тау қалғып – Абай Құнанбаев.
Көктем вальсі – Нұрғиса Тілендеев.
Шақырады көктем – Роза Рымбаева.
Наурыз – Роза Рымбаева.
Жаңа жыл – Тамара Асар.
Қош келдің жаңа жылым – Бақыт Шадаева.
Ауылым әнім – Ескендір Хасанғалиев.
Алматының түндері-ай – Қарагөз Тілеубекова
Алматы түні – «ДосМұқасан»
ІІІ – кезең: кім жылдам? – деп аталады. «Музыка және бейнелеу» бөлімі
Яғни әр топтан бір қатысушы бір ән айтады. Топтпғы басқа оқушылар барлығы бірігіп сол әннің мағынасы мен мазмұнын сурет қылып салып береді. Әр ән салушыға бір ұпайдан беріледі ал салған суреттері үшін бірін 2 ұпай, біріне бір ұпай беру керк оны әділқазылар шешеді.
ІҮ – кезең: кім ұшқыр? – деп аталады «Музыка және қазақ тілі» бөлімі.
зат есім, сын есім не сан есімдерден бір сөз айтылады. Сол сөз қолданылған әнді табу не шумағын табу керек.
мысалы: көз...-көзіңнің мөлдірінай... , қара көздерің... н/е Құман... – сар жез құман ай...
жауаптары:
Аяқ... – Аяғыма кигенім былғары етік сәулем ай....
Құлақ... – Құлағыңа таққаның күміс сырға...
Шаш.. – толқындай бұйра-бұйра шаштарың...
қызыл... – қызыл гүлім-ай...
сары... – ай сары қыз, сары қыз..
қара.... – қара көздерің...
ақ... – гүл көңілді ақ арманым... , ақ шағала...
жасыл... – жасыл жайлау...
көк.. – түкті кілем көк кілем...
алтын... – алтын-ай, арман-ай...
бір... – бір бала. Талдан таяқ жас бала....,угай-ай, ән салшы-ай, бір бала-ай
екі... – екі жұлдыз...
үш... – үш қоңыр алатаудың байрайында
жапырақ... – жылайды жапырақ... , жапырақ жүрек жас қайың...
қайшы... – қолыма ұстағаным өткір қайшы... (дудар-ай)
сырға.. – құда түсу,сырға салу, бет ашарым-ай
самаурын... - сар самаурын ақ құманай....
сандық... – жақсы адамның мінезі алтын сандық
Ү – кезең: кім күшті? – деп аталады. «Музыка және әдебиет» бөлімі
Музыка ғылымына Үлесін қосқан ақын –жазушыларды ата н/е әрі ақын, әрі жазушы, әрі композитор болатын ұлы тұлғаларды ата.
Жауаптары:
Бәкір Тәжібаев. Мұхит Мералұлы, Ақан сері, Біржан сал, Ыбырай Алтынсарин, Ыбырай Сандыбайұлы, Абай Құнанбаев. Қазтуған жырау. Нұрпейіс Байғанин. Шәкәрім Құдайбердіұлы.
ҮІ – кезең: кім мықты? – деп аталады. «Музыка және тарих» бөлімі.
Тарихта аты қалған жыраулар мен жыршылардың музыка зерттеуші ғалымдардың атын ата. Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама уақытында қазақтан шыққан тұңғыш ән. (Елім-ай)
Асанқайғы. Жамбыл,Кетбұға Қорқыт, Кенен Әзірбаев. Әбу Насыр – Әл Фараби. Сүгір. Затаевич, Амадей Моцарт.Латив Хамиди. Базар жырау, Ақтамберді жырау, Исатай. Махамбет.
ҮІІ – кезең: кім білгір? – деп аталады. «Музыка және математика» бөлімі
Айгөлектің тапсырмалары. Нотамен жұмыс.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 5.02 Mb |
Количество скачиваний: | 4 |