"Түбір және туынды сөз".Қазақ тілі.Презентация.3 сынып.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Кондудаева Зульфия Ербулатовна
|
Сабақтың тақырыбы: «Түбір және туынды сөз»
Сабақтың білімдік мақсаты: Бір түбірден әртүрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Ана тілін қадірлеуге,білімділікке,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы,сұрақ-жауап,ойын.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жаңылтпаштар, сызбалар, т.б.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп жіберейік.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне, оқушылар, ғұлама, кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтарғаамандасып, сабағымызды бастайық.
Сәлемдесу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Иіліп сәлем береміз
Құрметпенен біз.
ІІ. Үйтапсырмасын тексеру. Тест.
1.Туынды сөздерді көрсет.
а)жазушы,іскер,оқушы
в)қой,ата,тау
с)жыр,құлақ,көл
2.Түбір сөзге жұрнақтан кейін жалғанатын:
а)жұрнақ в)жалғау с)шылау
3.Қосымша деген:
а)түбір,жалғау
в)жұрнақ,жалғау
с)түбір,жұрнақ
4.-шы,-ші жұрнақтарымен туынды сөз жасаңдар:
а)жыр,күй
в)тау,сән
с)көңіл,тәрбие
5.Түбір сөздерді табыңдар:
а)жұмыс,ән
в)жұмыс,жұмыстар
с)жұмыс,жұмысшы
Ә) Өткенді пысықтау.
Түбір дегеніміз не?
Сөздіңбөлінбейтінмағыналыбөлігі.
Қосымша дегеніміз?
Сөздіңтүбіргежалғанғанбөлігі.
Жұрнақ дегеніміз?
Сөзмағынасынөзгертетінқосымша.
Жалғау дегеніміз?
Сөз бен сөздібайланыстыратынқосымша.
Туынды сөз дегеніміз?
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз.
ІІІ. Жаңасабақ.
Кіріспе әңгіме.
Мұғалім: – Біздіңбүгінгісабағымызкүнделіктіөтіпжүргенсабақтанөзгеше, әртүрлі ойындаройнаймыз. Сондықтан да сабақбарысында орындалатын тапсырмалардыжылдамырақ орындауға тырысыңыздар.
Мағынаны тану
1.Дәптерменжұмыс
Күннің ретін, тақырыпты жазу.
Көркем жазу минуты
Ж ж
жаңалық жусан жапырақ
1 – жаттығу. Мәтінді оқы.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жұрнағын тауып жаз.
ақындық, композиторлық, әнші, ақылды.
Мәди кім? Ол туралы не білесің?
Мәди Бәпиұлы Алшынбаев -ақын, композитор.Балалық шағынан өзінің әнімен және домбыра ойнауымен даңқы шыққан.Ақан сері,Біржан-сал әнші ақындармен кездескен.
2-жаттығу.Терме диктанты. «Тәуелсіз елім бар».
а)Өлеңді мәнерлеп оқы.Туынды сөздерді теріп жаз.Бауыржан Исаев.(әнші)
жемісті,бауым,тауым,еңісті,жеңісті,жерім,өрісті,белім,елім.
б)Тәуелсіздік туралы мәтін құрастыр.
Тәуелсіздік алу Қазақстан халқы үшін оңайға түскен жоқ.Бұл 1986 жылы 16 желтоқсанда болған жастар қозғалысы.Бұл қозғалыста көптеген жастарымыз құрбан болды.Тәуелсіздік құрбандарын еш уақытта ұмытпаймыз,оларға бас иеміз.
3.«Кім жылдам» ойыны.
Сөздерді оқып,олардың қайсысы түбір сөз,қайсысы туынды сөз екенін айт.
Жазушы,өнер,ек,ертең,жарыс,татулық,іскер,ертеңгі,көңілді,іс,егін,жаз,балапан.
4.«Сөз ойла,тез ойла» ойыны
І топ оқушылары түбір+жұрнағы бар сөздерді,ал ІІ-ші топ оқушылары түбір+жұрнақ+жалғауы бар сөздерді ойлап тауып жазады.
І-топ ІІ-топ
Жұмысшы жұмысшылар
Ақылды ақылдылар
Әнші әншілер
Өнерлі өнерлілер
Шыдамды шыдамдылар
5.Сәйкестендіру тесті. «Менің бағытым».
Сызбалардың қасына сәйкес келетін сөздерді жазу.
жұмыс -лық
дос -шы
сый -ші
талап -кер
қызмет
дойбы
ас -тық
6.Шығармашылық тапсырма.
-шы,-ші,-ды,-ді,-лы,-лі жұрнақтарына сөз ойлап,туынды сөз жаса.
басшы суретші қаламды өнерлі
қосшы әнші сусынды үлгілі
4-жаттығу.Сөйлемдерді түсініп оқы.Түбір,жұрнақ,жалғаудан құралған зат есімдерді теріп жаз.
дәрігерден,жақсылықты,жамандықты.
I. Сабақтыбекіту.
Сонымен, бүгінгі сабақта не істедік?( жаттығулар орындадық, тестімен жұмыс жүргіздік, «кім жылдым» , «сөз ойла,тез ойла»ойынын ойнадық.)
- Қай тақырыпты қайталадық?(Түбір және туынды сөз)
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру. 2- жаттығу, 13 - бет.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 25.47 Kb |
Количество скачиваний: | 205 |