Теңдеудің көмегімен логикалық есептер шешу

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушыларға логикалық есептерді теңдеудің көмегімен шешу алгоритімін үйрету. Теңдеулерді өз бетінше шешуге баулу.

2)Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру

3)Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Көрнекілігі: таблицалар, дидактикалық материалдар, бағалау парағы,флипчарт, презентация

Сабақтың барысы:

І кезең. Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру.

ІІ кезең. Ойынды өткізудегі мақсаты (ойынның түрі, ережесі, т.б. шартымен таныстыру)

Сабағымыз ойын түрінде өтетін болғандықтан, 3 топқа бөлінейік. (логикалық сурет құрастыру)

1-топ Гаусс

2-топ Пифагор

3-топ Декарт тобы

І бөлім. «Кім жылдам?»

ІІ бөлім. «Логикалық есептерді теңдеудің көмегімен шешу»

ІІІ бөлім. «Ертегілер әлемінде» деңгейлік есептер

VI бөлім. « Сергіту сәті »

Vбөлім. «Ойлан тап » «Сиқылы сандар»

І бөлім. «Кім жылдам?» сұрақтарға жауап беру.

Әр топқа 2 сұрақтан беріледі.

Архимед тобының сұрақтары

1. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

2.Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?

3. Бөлімдерді бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?

Гаусс тобының сұрақтары

1. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?

3. Әріптердің көмегімен бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу ережесін жазып көрсет.

а b a+b

─ + ─ = ──

c c c

Пифагор тобының сұрақтары

  1. Аралас сан дегеніміз не?
  2. Әріптердің көмегімен бөлімдері бірдей жай бөлшектерді азайту ережесін жазып көрсет.

3 .Аралас сандарды қалай қосамыз?

ІІ бөлім. «Логикалық есептерді теңдеудің көмегімен шешу»

  • 1.Логикалық есеп дегеніміз не ?
  • 2.Логикалық есептерді теңдеудің көмегімен шешу алгоритмі? (үй тапсырмасы)

Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есеп деп айтамыз.

Логикалық есептерді теңдеудің көмегімен шешу алгоритмі?

1.Белгісіз шамаларды анықтау

2. Теңдеу құру

3. Теңдеуді шешу

4. Теңдеудің шешімдерін зерттеу

5. Есепті тексеру

6. Есептің толық жауабын жазу.

1-топ Гаусс

Оқушы сан ойлады. Ойлаған санға -ні қосып шыққан қосындындыдан, -ні азайтқанда саны шығады. Оқушы қандай сан ойлаған?

ІІ- топ

Аулада қояндар мен тауықтар жайылып жүр . Қояндар санынан тауықтар саны 8-і артық. Барлығының аяқтарының саны 46. Аулада неше қоян неше тауық бар?

ІІІ- топ

Қазір ағасы қарындасынан 3 жас үлкен . 5 жылдан соң олардың жастарының қосындысы 25 жас болды. Қазір қарындасы неше жаста , ағасы неше жаста?

Шешуі:

Ағасы - Х+ 3+5

Қарындасы- Х+5

Х+3+5+х+5=25

2х=25-13

Х=6

Жауабы: Қарындасы 6 жаста

Ағасы 9 жаста

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.57 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 169

Похожие материалы