Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару

Предмет: Технология
Категория материала: Тесты
Автор:

Сабақтың мақсаты: Ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясына түсінік беру.
Білімділігі: Материалға технологиялық карта бойынша өлшем бірліктерін түсіру және біріктіру тәсілдерінің дәлдігін анықтау жолдарына үйрету.
Дамытушылығы: Ағашты механикалық тәсілде өңдеу технологиясын қолдана отырып материалдарды станокта өңдеу жұмыстарын меңгерту.
Тәрбиелігі: Механикалық өңдеу станоктарында қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау
жолдарына үйрету.
Көрнекілігі: Тақтаға ілінген ағаш балғаны құрастыру сызбалары.
Сабақтың типі: Білімді қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сарамандық
Сабақтың өтілуі: 1. Сабақтың барысы мен таныстыру
2. Көрнекілік пен жұмыс
3. Ағаш өңдеу станогында сарамандық жұмыс
4. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сарамандық жұмыс формасын тексеру, құрал жабдықтардың қауіпсіздік ережелеріне сай болуын тексеру.

ІІ. Өткен сабаққа шолу.
1. Технологиялық карта бөлімдері мен танысу

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ағаш өңдеуге арналған токарь станогында қауіпсіз еңбек ережелерін орындау.
1. Станоктың электр торабына қосылу желілерін тексеру.
2. Өңдеу құралдарының ақаусыз болуын қарап шығу.
3. Токарь станогында құралды пайдалану жолдарын еске түсіру.
Бұрғылау станогындағы қауіпсіздік ережесі.
1. Станоктың тоққа қосылуын тексеру
2. Тесуге арналған бұрғы пышағын орнату
3. Қосу, ажырату түймелерінің дұрыстығын тексеру.

Ағаш балға ағаш ұстасының басты құралдарының бірі. Ағаш бетіне өрнек түсіру кезінде қашауды ағаш балға мен ұрады. Егер темір балға мен ұрса қашау сабын жарып жіберуі мүмкүн. Ағаш балғаның диаметрі:
1. сабы 350 – 40 мм
2. басы 150 – 100 – 50 мм болады.
С
арамандық жұмыс
Ағаш балғаның басын әмбебап станокта өлшем бойынша өңдеу жұмысы.
1. Дайындаманы таңдау
2. Өлшем бойынша станокта кесу
3. Сыртын жону

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.79 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 149

Похожие материалы