Тақырыбы: көңілді тапқыр балалар.
Мақсаты: 1. ой белсенділігін жетілдіруге (қағілезділік, алғырлық, қиялдау, елестету) арналған тапсырмалар;
2. өз қабілет мүмкіндіктерін сезінуге, танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу;
3. логикалық-ұғымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-әрекет бөлімдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру,
сезімді ояту
Балалар, бүгін біз сендермен «көңілді тапқырлар» клубына қатысамыз.
Сендер білесіңдер ме олар кімдер?
Сол топтың белсенді мүшесі болғың келе ме?
Олай болса, мына ерекше жәшікте сендерді сол топқа қабылдайтын құжат бар екен, бірақ жәшік логикалық тапсырмаларды жақсы орындамай ашылмаймын дейді. Сендер сол тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?
Ширату жаттығуы: «ия» жаттығуды орындай отырып, ия деп жауап беру.
Зейіндерін сабаққа аудару.
Бәрін білетін, тапқыр, көп оқитын т.б
болғымыз келеді.
Дайынбыз.
Түзу отырамыз – «ия», иықты түзейміз – «ия», сабақты бастаймыз – «ия».
Ізденістер
ұйымдастыру
1 тапсырма. «Бұл қандай зат?»
Мақсаты: тану және біріктіру, тұтасты ойша құрай алу іскерлігі.
Берілгені: қағаздың екінші жағын ашсаң не көресіңдер?
Қосымша 1.
2 тапсырма. «Қанша пішін?»
Мақсаты: ойлауға,талдауға, геометриялық пішіндерді дұрыс танып санай алуға жаттықтыру.
Қосымша 2.
3 тапсырма. Сұрақ-жауап.
Мақсаты: ой жылдамдығын, кері байланыс түсінігін жетілдіру.
А. Ақ-
Тәтті-
Ақылды-
Жақсы-
Оңға-
Ауыр-
Биік-
Жоғары-
Суық-
Көп-
Үлкен-
Б.Нені тігеді-
Нені байлайды-
Нені киеді-
Нені әндетеді-
Нені билейді-
Сергіту сәті: «Өз биіңді ойлап
шығар»
Қиялды, дене әсемдігі мен икемділікті дамыту, эмоционалды деңгейде өзін көрсете алуға ынталандыру.
4 тапсырма. «Суретті аяқта»
Мақсаты: Зейінді шоғырландыруды қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Қосымша 3.
5 тапсырма. Ассоциация «Лақтырылған тас» ойыны.
Мақсаты: елестету, ой жинақтау және сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Мазмұны; Сендер әрине, білесіңдер , суға лақтырылған тастан дөңгелек бүршіктер шығатынын, енді ойлаңдар мен тас емес «сөз» лақтырсам, сендерге бірден осы сөзге байланысты қандай ойлар келеді, бәріңнің ойыңа бірдей сөздер келе ме?
Қане, ойнап көрейік. «алма»
«ағаш»
6 тапсырма. «Сиқырлы дөңгелектер»
Логикалық ойлауды шығармашылық іскерліктерін дамыту.
Қосымша 4.
Бүктелген қағаздың бір жартысындағы бейнеленген суреттің екінші бөлігін ойлап тауып, атын атау, дәлелдеу. Мысалы: үйдің жарты бөлігін көріп тұрмын.
Шырша, гүл, құс, алма, қоңыз.
Бір суретте қанша геометриялық пішін салынғанын дұрыс санап көрсете алуға үйрену.
5үшбұрыш; 5шеңбер.
Мағынасы бойынша қарама-қарсы сөзді тез ойлап айтуы керек.
Қара
Ашты
Ақымық
Жаман
Солға
Жеңіл
Аласа
Төмен
Ыстық
Аз
кіші
Киімді тігеді.
Жіпті байлайды.
Етікті киеді.
әнді әндетеді.
Биді билейді.
Балалар музыка әуенімен тәрбиеші қимылын қайталайды.
Содан кейін кез келген бала, ынтасына қарай өз биін көрсетеді.
Берілген суреттердің салынбай қалған бөлшектерін салып, суретті аяқтау, түсіндіріп беру.
(қоянның құлағы, мысықтың құйрығы, шәугімнің тұтқасы, үстелдің аяғы.
Лақтырылған сөз «алмаға» «ағашқа» қатысты, мағынасын ашатын ойға келген сөздерді бірден айту. Мысалы: алма – қызыл, сары, тәтті, дөңгелек, жеміс т.б.
Ағаш ... ... ... ... ...
Тапсырма: осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Берілген дөңгелектерден әр түрлі ойыншықтар, заттар ойлап тауып суретте бейнелеп беру.
Қорытындылау
өзін-өзі бағалау
7 тапсырма.
«Сиқырлы гүлдер»
Цифрлар және әріптер атаулары мен таңбаларын қайталау, есте сақтау.
Көңілді тапқыр балалар
1234567 123456 1234567
Балалар, біз тапсырмаларды жақсы орындадық па? Енді жәшікті ашуға болады. Қане, мынау «рахмет» мақтау қағаздарын мен сендерге бүгінгі сабағымыздың нәтижесі және белгісі ретінде тапсырамын. Сендер КТБ қабылдандыңдар!
Құттықтаймын!Жарайсыңдар!
РАХМЕТ! Сау болыңдар.
Алғашқы ондықтағы сандар қатарын ретімен қойып, жапырақтың екінші бетінен бүгінгі сабақ қорытынды тілегін оқу.
Ия, орындадық. (Өздерін көңілді, сабырлы ұстап, келесі сәтті күту, мұғалімге назар аудару және әдептілікпен барып қағазды алу, сабақтың аяқталуын қабылдау.)
Түсінігі: ойнайық та ойлайық.