План урока 1 класс по английскому языку на тему "At school"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Unit 3. Lesson 4.

Сабақтың тақырыбы: At school.

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша оқылған лексикалық бірліктерді пайдалану. Іс-қимыл жасауға басшылықты білдіретін сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Зат есімнің көпше түрін дұрыс айту дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: мұғалімнің бұйрықтары мен өтініштерін сәйкес орындау дағдысын қалыптастыру;

Тұлғалық: оқу құрал-жабдықтарына және заттарына ұқыптылықпен қарауға және жасы үлкендерді құрметтеуге баулу;

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: СD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар; интерактивті тақта; сандар белгіленген флэшкарталар;

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

-Good morning, children! How are you? (Cl. Fine thanks.) Sit down, please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Бүгін біз сынып бөлмесіндегі заттардың атауларымен танысуды жалғастырамыз және сыныпта өзін-өзі ұстаудың бастапқы нормаларын сақтауды, мұғалімнің бұйрықтары мен өтініштерін орындауды үйренеміз.

ІІІ Тірек білімді белсендіру.

Фонетикалық жаттығу.

-Балалар бір дыбысты дауыс ырғағын өзгерту арқылы түрліше айтуға болады. Егер сен таңғалған болсаң [əu]; қуансаң [əu] . Егер біреуге аяушылық көрсеткің келсе [əu] дейсің. Қорқынышты сәтті елестетіп көр.

-Балалар енді осы дыбыс бар сөздерді атап көрелік. Listen and repeat: close, open, hello, go, phone, poem.

Бұл тапсырма осы дыбыстың артикуляциясын ғана емес, дауыс ырғағын да жаттықтыруға да көмектеседі.

-Өткен сабақта үйренген сөздерді есімізге түсірейік: (desk – a desks, chair – a chair – chairs, board – a board - boards). Well done, children!

IV Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.Look

Track 24

1-сурет. Good morning, children!

2-сурет. Sit down, please

3-сурет. Open your books.

4-сурет. Open your copy-books.

5-сурет. Take your pens.

6-сурет. Look at the board.

7-сурет. Close your books and copy-books.

8-сурет. Stand up, please. Goodbye, children.

Сергіту сәті.

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Stand up! On the tiptoes

Turn around. Step aside,

Step left! Step right!

Дәптермен жұмыс

1-жаттығу. Listen, choose and tick.

Оқушылар қажетті суретті таңдап, мұғалімнің мақұлдауына сәйкес оның жанына қанатша белгісін қояды.

Close the book.

Take your ruler.

Please, sit down.

Look at the poster.

Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта «Оқу құрал-жабдықтары» деген тақырыптың сөздерін пайдаландыңдар. Мұғаімнің нұсқауларын орындауды үйрендіңдер (оқушылар: take, open, stand up etc.).

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.71 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 109

Похожие материалы