Қазақстан туын көкке желбіреткен АЗИАДА - 2011

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

4 «А» сынып Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан туын көкке желбіреткен АЗИАДА - 2011

Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушыларды «Қазақстан туын көкке желбіреткен - АЗИАДА – 2011» тақырыбымен таныстыру. Олимпиаданың маңызы мен мақсаттары туралы түсінік беру.

Қазақстан Республикасында алғашқы қысқы Азия ойындарын өткізуді, олимпиадалық қозғалыс және саламатты өмір салты принциптерін насихаттау.

а) Азия ойындарын өткізу арқылы патриоттық сана негіздерін қалыптастыру,

б) өз еліне деген ұлттық мақтанышты тәрбиелеу;

Дамытушылық: Отанымыздың байлықтары туралы білімдерін байыту, тереңдету, дамыту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Отанымызды сүюге, қастарлеуге, қорғауға тәрбиелеу. Татулыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Еңбекке баулу, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.


Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Таныстыруға арналған мәтіндер

Азия ойындары – Азия елдерінің спортшылары арасында әрбір төрт жыл сайын өткізілетін спорттық жарыс. Азия ойындары Азиада деп те аталады.

Алғашқы Азия ойындары 1951 жылы Үндістанда өтті. Азия Олимпиадалық Кеңесі барлық Азия ойындарын өткізуге басшылық жасайды. Әрбір ойындардың эмблемасы, туы, ұраны және әнұраны бар.

Жазғы Азия ойындары - ең ірі кешенді спорттық жарыстар. 16-жазғы Азия ойындары 2010 жылғы 12-27 қараша аралығында Қытайда өтті.

Азия елдерінің спортшылары арасында мынадай ойындар өткізіледі:

Жабық орын-жайлардағы Азия ойындары алғаш рет 2005 жылы өткізілді;

Жағажайдағы Азия ойындары осы уақытқа дейін 2 рет өткізілді;

Өңірлік Азия ойындары. Бұлай деп аталатын себебі – оған белгілі бір өңірден бірнеше ел қатысады, мәселен, Орта Азия, Оңтүстік Азия, Шығыс Азия және басқалар.

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары. Олар 2009 жылдан бастап өткізіле бастады.

Қысқы Азия ойындары

Қысқы Азия ойындары Азия құрлығының спортшылары арасында өткізіледі.

1)1-қысқы Азия ойындары 1986 жылы Жапонияда өтті. 7 ел қатысты. Жарыстар спорттың 7 түрінен өтті.

2)2-қысқы Азия ойындары да Жапонияда өтті. Оған 10 ел қатысты. Жарыстар спорттың 6 түрінен өтті.

3)3-қысқы Азия ойындары 1996 жылы Қытайда өтті. 16 ел қатысты. Жарыстар спорттың 7 түрінен өтті. Үшінші ойындарға Қазақстанның спортшылары қатысып, жеңіске жете бастады. Олар 31 медаль иеленді.

4)4-қысқы Азия ойындары 1999 жылы Кореяда өтті. Оған 21 ел қатысты.

5)5-қысқы Азия ойындары 2003 жылы тағы да Жапонияда өтті. 17 ел қатысты. Жарыстар спорттың 11 түрінен өтті.

6)6-қысқы Азия ойындары 2007 жылы Қытайда өтті. 45 ел қатысып, жарыстар спорттың 10 түрінен өтті.

Қазақстан қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына тұңғыш ие болып отыр. 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындары біздің елімізде өткізіледі. Ойындар 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді. Оған 30 ел қатысады. Жарыстар спорттың 11 түрінен өтті:

  • Биатлон – бірнеше ату шебінде кіші калибрлі винтовкадан жатып және тұрып ататын шаңғы жарыстары.
  • Тау шаңғысы спорты – арнайы жолдармен таудан төмен құлдилау.
  • Конькимен жүгіру спорты – конькимен жылдамдыққа жүгіру.
  • Шаңғы жарыстары – шаңғымен жылдамдыққа жүгіру.
  • Шаңғыда бағдарлау – бұл қолданбалы спорт түрі. Басты шарты – белгілі бір уақыт ішінде белгіленген қашықтықты жүріп өту.
  • Шаңғымен трамплиннен секіру – арнайы жабдықталған трамплиндерден шаңғымен секіру.
  • Мәнерлеп сырғанау – бұл спортшының музыка ырғағымен мұзда конькимен жасалатын қимыл-қозғалысы.
  • Фристайл – бұл тау шаңғысы спортының бір түрі. Ол өз ішінен үшке бөлінеді: могул – кедір-бұдыр жолдың бойымен тау шаңғысымен жылдам құлдилау; шаңғы балеті – әртүрлі би қимылдарын орындай отырып, таудан құлдилау; әуе (шаңғы) акробатикасы – акроботикалық қимыл-қозғалыстарды орындай отырып, екі метрлік трамплиннен секіру.
  • Хоккей – мұз алаңында өтетін спорттық командалық ойын. Хоккейді шайбамен де, доппен де ойнайды.
  • Шорт-трек – хоккей алаңында белгіленген қысқа мұз жолында конькимен жүгіру.

Оқулықпен жұмыс

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

-Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 482.1 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 131

Похожие материалы