Тексты

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі
«Ересек адамдардың ісі, жұмысы,қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады.
Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да сондай адам болады».
А.С. Макаренко
Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
Егерде мұғалім ойынды тек балалардың көңілін көтеру, демалдыру үшін ойнатса, онда пайда болмайды. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады.
Ойын дегеніміз:
1. балалардың қарым-қатынас саласындағы маңызды іс –әрекеті;
2. қызықтыра отырып үйрету;
3. әр түрлі жастағы оқушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі;
4. баланың психикасын, ой-өрісін дамыту.
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір мұғалімді толғандыратыны сөзсіз.
Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: алфавитті және лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.
Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар да болады.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Жарыс түрінде өткізсеңіз (Кім өлеңді бірінші жаттайды?), оқушылар өлеңді жарыса отырып қалай жаттап алғандарын байқамай қалады.
Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар:
1. «Let’s draw a Rainbow!»ойыны.
Мақсаты: түстерді үйрету.
Ойынға қажет құралдар:түрлі –түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет.
Ойын барысы: біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды.
Мұғалім: This is a rainbow. I can see red colour(суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It’s beautiful. Let’s draw a rainbow!
Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды.
Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.
2. «At the Zoo» ойыны.
Мақсаты:can модальді етістігінің қолданылуын үйрету.
Ойынға қажет құралдар: әр түрлі партаға қойылған ойыншық аңдар.
Ойын барысы: оқушылардың біреуі – экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады.
Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly.
Келушілер: Can it hop?
Экскурсовод:No, it can’t.
Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын ары қарай жалғасады.
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.
3. Жазуға үйрету ойыны.
Мұғалім тақтаға қандай да бір сөзді жазады, мысалы:schoolchildren. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Мәселен: schoolchildren: he, she, side, shoe, nose, ill, red, doll, line, child, school және т.б. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңіске жетеді.
4. «Whose birthday is today?» ойыны.Мұғалім оқушыларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”.
Оқушылар: What colour is her hear?
What colour are her eyes?
What is her nose like?
What is she wearing?
What is her hobby? – деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.
Тиімді қолдана білген ойын арқылы білім беру сапасын арттыруға болады:
• оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады;
• қиын грамматиканы оңай, әрі қызықты етіп түсіндіруге болады;
• оқушы белсенділігі артады;
• материалды меңгеруге түрткі болады.
Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 58.5 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 95

Похожие материалы