Тема урока "Тәуелсіздік тұғырым"

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

Мақсаты:Балаларға Қазақстан Республикасының   елбасы,рәміздері,туралы түсінік беру.

Балаларды Отанның сүйе білуге тәрбиелеу.Сөздік қорларын   байыту.Білімдерін толықтыру.

Әдіс-тәсілдері:.Гимн,сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелесу, сергіту сәтті,жылулық шеңбер,мақал-мәтелдер.

Көрнекліктер:Елбасының суреті,Рәміздер, тақырыптық суреттер.

 Сабақтың  барысы:Балалар еліміздің гимннан бастайды.Балалар бәрі бірге гимнні айтады.Балалар бір-бірімен  амандасады, жылы сөздер айтады.

Жылулық шеңбер.Елімізде тыныштық болсын!

                                 Аспанымыз ашық болсын!

.                                Күніміз  жарық болсын!

                                 Бәріміз дос болайық!

                                 Деніміз сау болсын!         

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз өзіміздің Отанымыз Қазақстан туралы, туған жеріміз, елбасы туралы үлгілі тәрбие сағатымызды бастаймыз.

«Отан қуат, отбасы шуақ» дегендей Отан отбасынан басталады. Отан- ол адамның туып өскен жері, халқы.

-Балалар біздің елімізге, кең байтақ жерімізге жетер еш жер жоқ. Тәуелсіздік күні 1991ж 16 желтоқсан күні қазақ халқының ұлттық тарихына алтын әріппен жазылды. Бұл күн сөнген шырақтың жанған күні.

Суретпен жұмыс:Біздің Отанымыз Қазақстан,Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Рәміздеріміз – Гимн, Ту, Елтаңба. Астанамыз –Астана қаласы.

Ойын: «Ұшақ»,бәріміз ұшақа отырып  бас қаламыз Астанаға ұшамыз.                      

Тәрбиеші: Балалар, қане кім біледі? отан туралы тақпақтар.

І бала:    Отан менің ата-анам,

               Отан досым баурым,

               Отан өлкем астанам,

               Отан туған ауылым.

ІІ бала:  Алтын күн нұр шашқан,

              Әлемге танылған,

              Тәуелсіз Қазақстан.

ІІІ бала:  Тату тәтті тұрамыз,

               Бірге ішеміз астыда,

               Бірге сайран құрамыз.   

Сергіту сәтті:  Орнымыздан тұрамыз,

                          Қолымызды жаямыз. 

                          Құстарға ұқсап,

                          Ұшып-ұшып аламыз

Сұрақ-жауап. –Балалар біздің президентіміз кім?

                         -Біздің отанымыз қалай аталады?      

Қорытынды: «Отан оттан да ыстық», отанды қорғайтын сендерсіңдер, осы кең байтақ, байлығы мол отанымызда бақытты болыңдар.

 

                                        Бижанов ауылы   «Күншуақ» балабақшасы

 

                                                            Тәрбиеші: М.С. Хамраева

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.82 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 117

Похожие материалы