Тест сұрақтары (валеология пәні)

Предмет: Биология
Категория материала: Тесты
Автор:

«Валеология» пәнінен тест сұрақтары

 


1.       Ағзаның ішкі ортасы.

А. Қан, лимфа.

Б. Қан, лимфа, жасушааралық сұйықтық.

С. Лимфа, жасушааралық сұйықтық.

2.       Оттегін өкпеден ұлпаларға, жасушадағы көмір қышқыл газын өкпеге жеткізеді.

А. Тыныс алу.

Б. Тасымалдау.

С. Экскреторлық.

3.       Қанның ақ клеткасы.

А. Лейкоцит.

Б. Эритроцит.

С. Тромбоцит.

4.       Ішек-қарыннан қоректік заттарды, дәрумендерді, су мен минералды заттарды ұлпаларға жеткізеді.

А. Тасымалдау.

Б. Қоректендіру.

С. Гуморальдық реттеу.

5.       Қан құрамындағы тромбоцит мөлшері:

А. 150-180*10

Б. 180-320*10.

С. 120-160*10.

6.       Балалық шақ неше кезеңнен тұрады.

А. 7.

Б. 6.

С. 5.

7.       Қариялық немесе кәрілік жас.

А. 91 жастан асқан.

Б. 75 жастан асқан.

С. 80 жастан асқан.

8.       Адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары.

А. Эмоционалды денсаулық.

Б. Рухани денсаулық.

С. Жеке денсаулық.

 

9.       Тәуліктік көмірсу мөлшері

А. 400-450г.

Б. 200-250г.

С. 70-80г.

10.    Дені сау адам үшін оптималдық тамақтағы нәруыз, көмірсу, майдың өзара қатынасы.

А. 1:1:3

Б. 1:1:4.

С. 1:1:2.

11.    Нутрициология...

А. Денсаулық туралы ғылым.

Б. Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

С. Тамақтану жайлы ғылым.

12.    Иесінің дене бетінде немесе оның ішінде өмір сүретін микробтар.

А. Паразиттер.

Б. Сапрофиттер.

С. Вирустар.

13.    Сыртқы түріне қарай бактериялар неше топқа бөлінеді.

А. 4.

Б. 3.

С. 2.

14.    Қоректену әдісіне қарай бактериялар неше топқа бөлінеді

А. 4.

Б. 3.

С. 2.

15.    Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы..

А. Эритроцитоз.

Б. Эриторцитопения.

С. Лейкоцитоз.

16.    Түйіршікті лейкоцит.

А. лимфоциттер.

Б. Базофильдер.

С. Моноциттер.

17.    Ер адамның қанының әр литрінде эритоцит мөлшері

А. 4,0-5,0*10.

Б. 2,5-3,0*10.

С. 3,0-4,0*10.

18.    Валеология терминін ғылымға енгізген

А. В. П. Казначеев.

Б. Әл-Фараби.

С. И. Брехман.

19.    Психикалық аурудың немесе кем ақылдылықтың болмауы

А. Физикалық денсаулық.

Б. Психикалық денсаулық.

С. Эмоционалдық денсаулық.

20.    Ағзаның қартаюын зерттейтін ғылым

А. Гериатрия

Б. Геронтология.

С. Гетеротопия.

21.    Реципиент

А. Өз қанын немесе басқа бір ұлпасын өзге адамдарға құю, салу үшін беруші адам немесе ағза.

Б. Өзге адамның қанын немесе басқа бір ұлпасын өзіне қабылдаушы кез-келген ағза.

С. Жарақаттану немесе қан тамырларының бітелу нәтижесінде ауру жұқтыра отырып ұлпалардың жансыздануы.

22.    Донор

А. Өз қанын немесе басқа бір ұлпасын өзге адамдарға құю, салу үшін беруші адам немесе ағза.

Б. Өзге адамның қанын немесе басқа бір ұлпасын өзіне қабылдаушы кез-келген ағза.

С. Жарақаттану немесе қан тамырларының бітелу нәтижесінде ауру жұқтыра отырып ұлпалардың жансыздануы.

23.    Дезинфекция..

А. Хириургиялық таңғыштар салу туралы ілім.

Б. Адам не жануарлардың жұқпалы аурулары қоздырғыштарын жоюдың кешенді шаралары.

С. Алмастырып салу үшін өз еркімен қанғ мүше не ұлпа тапсыратын адам.

24.     Олардың жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп, қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттері күрделі өзгерістерге душар болады...

А. Егде жас.

Б. Кемел жас.

С. Қариялық жас.

25.     IVтопқа жататын адам қанын қай топқа құюға болады.

А. ІІ.

Б. ІІІ.

 

С. ІV.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 34.5 Kb
Количество скачиваний: 697
Просмотров: 1227

Похожие материалы