Тизбек болиги ушин Ом заны
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Тулепбаева Гульмира Абдигапбаровна
|
"Описание материала:
Тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы Мақсаты: оқушыларға бағыт,бағдар бере отырып,өткен материалды меңгерту. Пән бойынша білім – білік дағдыларын қалыптастыру. Оларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау, "Типі: Жаңа сабақ Түрі: Танымдық ойын сабағы Көрнекілігі: Тест тапсырмалары,деңгейлік есептер,схемалар арқылы бөлінген есептер, формулалар, Кестелер.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Оқушылар зейінін сабаққа аудару
3 Уй тапсырмасын сұрау барысында сабақтың үш деңгейлік құрылымынан тұратындығы түсіндіріледі.
Сабақтың үш деңгейлік құрылымы:
І Оқушылық деңгей Тұрақты тоқ дегеніміз не? Электр тогы біздерге қалай жеткізіледі? Тоқ күші дегеніміз не? Тоқ тығыздығы қандай шама? Электр тогы вакуумде абсолют шамасы бойынша қандай минималь электр зарядын алып өте алады?
ІІ Алгоритмдік деңгей
ІІІ Шығармашылық деңгей Мұнда оқушылар формулаға сәйкес қажетті айнымалы шаманы сәйкестендіре отырып табу керек. Оқушылар,біз кешегі тұрақты ток заңдарын оқу барысында-бұған дейінгі оқылған “Электростатика” тарауында заряд ұғымымен танысқан болатынбыз.Яғни онда заряд ұғымы дара электрон екен,оның бағытталған,реттелген қозғалысы ток түсінігін береді.Олай болса, электр тогы дегеніміз-зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы екендігін білдік. Біз жарықты,компьютерді қосқан кезде,радио тыңдаған не теледидар көрген кезде,энергияның өте қолайлы түрі-электрге сенім артамыз.Ол қолайлы,өйткені сымдар мен кабельдер арқылы жеңіл беріледі. Демек,электр-бұл заряды бар,электрондар деп аталатын атомдардың кішкентай бөлшектерінің қозғалысы немесе ағыны.
Қазіргі уақытта электрді өлшеу үшін тасымалды мультиметр деп аталатын құрал қолданылады.Бұл құрал-электриктер мен инженерлер үшін маңызды жабдық . Ол жабдықтың қауіпсіздігін тексеру үшін,олардың қолы жететін бөліктерінде кернеудің жоқ екендігіне көз жеткізу үшін,топқа ұрынуды болдырмау үшін пайдаланылады. Электрді пайдалану түрлері дегенді қалай түсінесіңдер? Мыс:сендер үйге келе саласымен-сол бөлмедегі қосқыштың кнопкасын бассаңдар,сол бөлмедегі электр шамы жарқ ете түседі. Неге,өйтеді?... Кім түсіндіре алады?
Яғни электрді пайдалануда,мыс,тұрмыстық аспаптар қанша уақыт жұмыс істейтіндігін мына түрде коруге болады. Тұрмыстық аспаптар қанша уақыт жұмыс істейді? Өте жоғары жүктемедегі фен 1-1,5 сағат Кір жуғыш машина 2 сағат Стандартты теледидар 3-5 сағат Электр ұстарасы 70 сағат 100-ваттық шам 10 сағат Жалпы бұл электр энергиясы қайдан алынады.Оны электр станцияларында арнайы машиналар-электр тогының генераторлары өндіреді.Генераторлар әр түрлі болады. Энергиясы кішкене бөлмені жарықпен қамтамасыз ететін алып генераторлар да бар. Бұл генератор электр тогын шығару үшін,оны айналдыру керек.Әрине,генераторды түгелдей емес,оның тек бөлігін-ротарды ғана.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 107.5 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |