Өткен шақ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мұғалімнің аты – жөні: Сабытова Салтанат

Қатысқан оқушы саны:13

Қатыспаған оқушы:2

Өткен шақтағы етістіктер іс-әрекеттің бұрын болғанын білдіретінін ұғындыру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

.Шақтардың арасындағы айырмашылықты ажыратады.

.Өткен шаққа сұрақ қоя алады.

. Осы шақты өткен шаққа айналдыра алады.

Жеке, топтық жұмыс. СТО технологиясының әдістері

Интерактивті тақта, оқулық, маркер, түрлі – түсті қағаз, «бағдаршам» үлгісіндегі бағалау сигналы, смайликтер.

Мұғалімнің

іс -әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

Оқушылармен амандасу.

Психологиялық дайындық.

Сыныпты етістіктің үш шағы арқылы топқа бөлу.

Топ жетекшісін тағайындау.

Топ ережесін көрсетемін.

Оқушылар қолына алған қағаздағы сөзді оқып, соған сәйкес, «Өткен шақ», «Осы шақ», «Келер шақ» деген 3 топқа бөлінеді.

«Мен болашақ ақынмын» ойыны арқылы сұралады.

Берілген етістіктерден өлең жолдарын құрастыру.

Етістіктерді тауып, істің қай мезгілде болғанын айтады.

Грамматикалық ертегіні тыңдайық .Ертегіні тыңдап болғасын сұрақ қойылады.

Қай ұлына патшалықты беруі керек деп ойлайсыңдар? Неге?

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Өткен шақ.

Өткен шақ ханзада өз ісіне де, өзгелердің ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап үнемі сұрақтар қойып отырады екен, ол қандай сұрақтар деп ойлайсыңдар?

Оқулықтағы ережені оқу.

Оқушылар сұраққа ойлана жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Дәптерге күн жады, сабақтың тақырыбын жазады.

Өткен шақтың сұрақтары Не істедім?, Не істедің?, Не істеді?

31- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Қарамен жазылған етістіктер қашан болған істі білдіріп тұр?

Жеке жұмыс. 32-жаттығу. Жіктеуді сәйкестендіріп жазу.

Сергіту сәті.

Топтық жұмыс. 34-жаттығу.

1- топ. Етістікті тауып, қай шақ , қай жақ екенін табу.

2-топ. Сөйлем мүшесіне талдау.

3-топ. Атасы сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Шығармашылық жұмыс.

«Сынақ хат»

«Адасқан әріптер»

«Мәтін құра»

Әр топ бір шумақтан оқып, етістікті табады.

Әр оқушы етістікті жіктеп жазып, тақтамен дұрыстығын тексереді.

Әр топ мүшелері берілген тапсырманы орындайды.

Топтық жұмыс.

Топ басшысы тапсырманы таңдайды.Берілген тапсырмаларға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.

Семантикалық карта бойынша берілген сөздерді етістіктің қай шағы екенін табады.

Бағалау кезеңі.

Сабақ барысында әр оқушының жинаған смайликтерін санап бағалау.

Үйге тапсырма: 36-жаттығу, ережені жаттау.

Семантикалық картаны толтырады.

Әр топ бір- бірін бағалайды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.64 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 213

Похожие материалы