Тіктөртбұрыштың периметрін есептеу дағдыларын жетілдіру;тиімді тәсілмен есептеуге үйрету
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шамаханова Айкенже Ақанқызы
|
Сабақтың барысы;Сәлеметсіздер ме балалар!Отырыңдар
Бізде қазір математика сабағы, бізге көптеген қонақтар келіп отыр,қонақ аз отырып,көп сынайды деген сөз бар, сондықтан да қонақ алдында сынға түспей, өз білімімізді көрсете білейік.Іске сәт!
Сабағымызды бастамас бұрын әдеттегідей ортаға шығып, атып келе жатқан таңмен және де бүгінгі келген қонақтармен амандасайық.
«Қайырлы күн» деп айтамыз
Бір болып кеште қайтамыз.
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз-деп хормен айтады.
Математикадан өткен сабағымыз тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу. «Қайталау- білім анасы» демекші, бүгін сол сабағымызды қайталаймыз./Үй жұмысы дәптерлерін жинап алу./Әрине топқа бөлінсек жақсы болар еді.Сыныпта 3 оқушы.Сондықтан да әр оқушы өзі үшін намысқа тырысады. Бүгінгі сабағымызды біз жұлдызшалар, шаршылар ,үшбұрыштар арқылы бағалаймыз яғни жұлдызшалар жинаған бала 5 алады, шаршылар жинаған бала 4 алады, үшбұрыштар алған бала 3 алады.
Өткен сабағымызды «Бәйге» ойыны арқылы тексеріледі.
Ұяшықтардағы қалаған сандарыңды таңдайсыздар, астарында сұрақтары болады,сол сұрақтарға жауап бересіздер.
1.Өткен сабақты қайталау.
.Тік төртбұрыш деген не? (Тік төртбұрыш-барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш)
• Периметр деген не? (көпбұрыштың периметрі деп оның барлық қабырғаларының қосындысын айтады)
• Перимет рдің формуласын көрсетіңдер? Р=(а+в)*2
• Үш төбесі бар геометриялық фигура? (үшбұрыш)
• Шаршының қабырғаларының ұзындығы 20 см, периметрі нешеге тең? (80)
• Ұзындық өлшем бірліктері? (мм, см, дм, м, км)
• Аудан формуласын көрсетіңдер? S= a*в
. Көбейту амалының қасиеттерін ата.Сонымен өткен сабақты қорытайық тіктөртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен есептеу, яғни
І тәсіл (60+20)*2꞊ 80*2꞊160см
ІІ тәсіл (60+20) *2꞊ 60*2+20*2꞊120+40꞊160см
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.23 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |