Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Технологиялық карта.
Білім беру саласы: «Таным»
Пәні: «Айналамен таныстыру»
Сабақтың тақырыбы: « Қыс қызығы »
Сабақтың мақсаты: балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру, қардың неден, қыстың табиғатқа әсері туралы түсінік беру. Ол белгілерді өз беттерінше табуға, талдау. Салыстыруға, қорытынды шығаруға үйрету.
Табиғатты аялауға, жасы үлкен адамдарға қол ұшын беруге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: қар көшкіні, көктайғақ
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сергіту,ойын,әңгімелеу,сұрақ-жауап, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.
Көрнекі құралдар: «Қыс қызығы» сериялық суреттер, жыл мезгілдерінің суреттері. т.б.
Сабақтың байланысы: Тіл дамыту, құрастыру, бейнелеу.
Билингвалды компонент: қыс-зима, аққала- снеговик.
Әрекет
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы.
Іздену кезеңі
Психологиялық дайындық.
Суретпен жұмыс.
(Суреттерді слайд арқылы көрсету)
Сергіту сәтін видео арқылы көрсету
Рефлексивтік түзету
· Сәлеметсіздер ме балалар?
· Кәне, балалар, алдымен әдеп сақтап төрде отырған үлкендермен амандасып алайық
· Балалар сиқыр көргілерің келе ме?
· Мына суретті кім салды деп ойлайсыңдар?
vБалалар, сонда бүгінгі сабақта не жайында болады деп ойлайсыңдар?
vЖылдың неше мезгілі бар?
v Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
vҚыс дегенде ойларыңа не келеді?
Аяз ата Қыс суық
Аяз Боран
vҚыс мезгілінде неше ай бар?
vҚыс деген сөзде ең бірінші қандай дыбыс естіледі?
vҚыс сөзіне дыбыстық талдау жасап көрелік?
vДалада ауа-райы қалай?
vБалалар сендер қазір қыстық олимпиада болып жатқанын білесіңдер ме?
vСол жарысқа қатысқыларың келеді ме?
vБалалар көңіл күйлерің қалай?
vБалалар мен бір дыбыс естіп тұрмын, біреу келе жатқан сияқты.
vАта қонаққа келеді.
- Сәлеметсіңдер ме?
- Есіктің алдын қар алып қалды, тазалайын десем шамам жоқ қартайдым, сендер көмектесесіңдер ме?
vОлай болса ауладағы қарды тазалап жіберейік. Денемізді қыздырып алайық.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң-тозаңды қуамын.
1 тапсырма.
· Суреттерді құрастыр.
- Қандай суреттер шықты?
- Бұл қай кезде ойналатын ойындар?
- Балалар қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
2 тапсырма.
· Сөздерді оқып, сөйлем құрастыр.
ақпан, тайғақ, көшкін, суық
Сергіту сәті. «Ақшақар»
3 тапсырма.
· «Қайсысы артық?»
· Берілген сурет ішінен өзгешесін табады.
4 тапсырма.
· «Суретші қатесі»
· Балалар суретке қарап отырып қателерді тауып атайды.
Сұрақ жауап арқылы.
- Балалар бүгін сабақта не жайында әңгімелестік?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Ұнаса неліктен?
- Қай жерде сендерге қиын болды?
- Атай келіп балаларды мақтайды.
Амандасады.
Балалар жауабы
Аяз
Күз,қыс,көктем,жаз.
Қыс
Боран, аяз, аяз ата, суық.
Үш ай бар.
Қ дауыссыз, ы дауысты, с дауыссыз.
Балалар жауабы.
Қ дыбысы естіледі
Суық.
Балалар жауабы
Балалар іс-әрекеті.
Атамен амандасады.
Балалар жауабы.
Коньки, шаңғы, хоккей, сноуборд
Балалар жауабы.
Балалар қимылы.
Қыста гүл өспейді, жылы киіну қажет. Т.б.
Сұрақтарға толық жауап қайтарады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: қыс мезілінің басқа жыл мезгілілдерінен айырмашылықтарын және сол мезгілге сай киіну қажеттігін біледі.
Үйренуі тиіс: қыс мезгіліндегі сақтық ережелерін үйренеді.