"Тіл жүректің үні"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: « Тіл-жүректің үні»

Мақсаты: ана тілімізді құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.

1-жүргізуші : Құрметті жиналған қауым, бүгінгі мереке баршаңызға құтты болсын!

2-жүргізуші: 22-қыркүйек тіл мерекесі екені баршамызға аян. Ендеше мемлекеттік тіліміздің мәртебе алған күні құ тты болсын!

Бүгінгі мереке қарсаңында көптеген қонақтар шақырылуда, осы кісілердің жылы лебізін тыңдасақ.

  • 1.Құттықтау сөз ауыл әкіміне беріледі.

2.Мектеп директорына сөз.

3.Бірлестік жетекшісіне сөз беру.

1-жүргізуші : Тіл-халық тарихы, тіл-ұлттық қазына.Тіл біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз, барымыз.

2-жүргізуші:Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Екі бастаушы бірге :Құрметті ағайын! Мектебіміздің оқушылары дайындаған « Тіл- жүректің үні» атты салтанатты жиынды бастаймыз!(әуен ойналып, қыздар тобы « Саржайлауым» биін билейді.)

1-жүргізуші: кезінде ұлы Мағжан атамыз» Жан көріністерінің ең қымбаты-ой, тілі-сөз. Тіл –адам жанының тілмашы.Тіл кем болса, адамның қор болғаны »деген екен. Олай болса бүгінгі ұрпақ ,яғни ертеңгі күннің иелері тіл туралы ой толғайды.Әдеби монтаж.

2-жүргізуші:Халқымыздың сонау ғасырлар бойы атадан балаға сақталып келе жатқан асыл да бай мұрасы-халық ауыз әдебиеті. Бұл ауыз әдебиетімен сусындамаған адам кемде-кем.

Өлең, мақал,жаңылтпаш, ертегі ,жыр,

Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.

Елдің сәні сақталар жақсы сөзбе

Қай жұрт болсын толассыз оқыған бұл, дей келе ортаға бүгінгідей мерекеге өз үлестерін қосуға келіп отырған 1-сынып оқушыларын « Бауырсақ» ертегісімен ортаға шақырамыз.

2) Келесі кезекте 3-сынып оқушыларын « Ақыл мен байлық» ертегісімен шақырамыз.

1) Көп- көп рахмет айтып, еліміздің кемел болашағы жолында үлкен жетістік пен табыс тілейміз.

2) осындай ұлы мерекеде қымсынбай өз үлестерін қосқан жеткіншек бауырларымызға жақсы ән арнаймыз.Қабыл алыңдар» Қазақ жастары» әні өздеріңе арналады.

1) Қазақ тілім –саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім –ана тілім, ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге

Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

2) « Қазақстан» өлеңі . Оқитын 11-сынып оқушысы.

1) « Қазақ тілінің мұңы»

2) « Тіл кеспек жоқ»

1)Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,- деп Абай атамыз айтқандай адамның туған кезден бастап өлгенге дейінгі аралығы өлең мен жырдан тұ рады. « Шілдехана» тойынан көрініс

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 30 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 109

Похожие материалы